Шемонаиха қаласында 39 көшенің атауы өзгереді

Сондай-ақ!

6 жасар баланы көлігімен қағып, қашып кеткен азамат ұсталды

Түркістан облысының полицейлері автокөлікпен жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен тұрғынды ұстады. Кентау полициясына қалалық орталық ауруханадан хабарлама түскен. Онда жол апатынан дене жарақатымен...

Заңсыздық: Ресей азаматы 14 жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып отырған

Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Ресей Федерациясының азаматына қатысты алаяқтық фактісі бойынша қылмыстық істі қозғап, тергеу жүргізген. Ол Қазақстан Республикасының азаматы бола...

Коронавирус өршіп тұр: 1 тәулікте 813 адам вирус жұқтырған

Қазақстанда өткен тәулікте 813 адамда коронавирус расталды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 71 Алматы қаласы - 74 Шымкент қаласы - 4 Ақмола облысы - 76 Ақтөбе облысы - 5 Алматы...

Марадонаның мәйітімен селфи жасап, жұмыстан қуылды

Sepelios Pinier жерлеу бюросының қызметкері жақында қайтыс болған Диего Марадонаның табытының жанында селфи жасағаны үшін жұмысынан қуылды. Бұл туралы Daily Mirror хабарлады. Әлеуметтік желіде атақты...

 Жыл аяғына дейін Шығыс Қазақстанның Шемонаиха қаласында 39 көшенің атауы заман талабына сай өзгереді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Шемонаиха аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Әсия Селтееваның айтуынша, қазірдің өзінде шаһардағы 23 көше жаңа атауға ие болған.

Енді қыркүйек айына дейін тағы 16 көшенің атауы өзгермек. Шемонаихалықтар жалпыға ортақ істе белсенділік танытып, ұсыныстарды бір ауыздан қолдап әкетуде. «Әр көшенің атын өзгертпес бұрын тұрғындарды жинап, түсіндіру жұмыстарын жүргіземіз. Бірнеше көшеге осы Шемонаиха топырағынан шыққан батырлардың есімі берілді. Қалғандарына Тәуелсіз Қазақстанның қастерлі ұғымдары ұсынылып отыр.  Әзірге қайта аталған 23 көшенің 70 пайызына қазақша атау берілді. Тұрғындар да бұл өзгерістерді құптап отыр. Ең бастысы, барлығы заң аясында жүзеге асуда», – дейді Әсия Селтеева. Шемонаиха ауданында көшелерден бөлек елді мекен атаулары да ескінің сарқыншағынан арыла алмай келеді. Әкімдік өкілі бұл бағыттағы өзгерістер келесі жылға жоспарланғанын айтады. «Мәселен, Қызыл Шемонаиха деген ауыл бар. Біздің ауданның да, оның орталығының да аты – Шемонаиха. Оған қоса Қызыл Шемонаиханы қосыңыз. Былай қарасаңыз, үш атау да бір-бірін қайталап тұр. Оның үстіне «Қызыл» деген сөз де тәуелсіз Қазақстанның картасына сәр бермесі анық. «Қызылкүнгей», «Қызылағаш» сияқты жер бедерінің ерекшелігіне байланысты болса, бір сәрі. Әзірге ол ауылдың нақты қалай аталатынын белгісіз. Бірақ жаңа есім алатыны анық», – дейді Әсия Селтеева. Ауданда бұған қоса төрт мектептің атауы жаңаланды. Бұл ұсыныстар қоғамдық кеңестің мақұлдауынан өтіп, облыстық ономастикалық комиссияға жолданыпты. Мысалы, Киров атындағы орта мектеп бұдан былай М.Әуезовтің атын алмақ. Атауы өзгерген көшелердің қатарында аудан орталығының үш орталық көшесі бар. Урицкий көшесіне – Кеңес Одағының батыры Серікқазы Бекбосыновтың, Советская көшесіне жазушы Анатолий Ивановтың, Чапаев көшесіне Халық қаһарманы Александр Капориннің есімі берілуі мүмкін. Сонымен бірге,  Желтоқсан, Бастау, Тәуелсіздік, Мерей, Жастар, Ертіс, Бірлік сынды атаулар идеологиялық тұрғыдан ескі атауларды орнынан ығыстырмақ. Ал  Октябрский ауылдық округінің Луговое ауылы Жастар деген атауға ие болуы мүмкін.

Редакция таңдауы

Көреалмаушылықтың көрігін басу кімге керек?

Қай қоғамда болса да жиі айтылатын, жиі талқыға түсетін нәрсенің бірі − көреалмаушылық, яғни қызғаныш. Содан болар, өмірінде қызғаныштың құрбаны болғанын, көреалмаушылықтың кесірінен көп...

Ұлы көштің ұйытқысы

1 желтоқсан – Қазақстанның Тұңғыш Президенті күні. Ел тарихы үшін елеулі күн болғандықтан, Тәуелсіз мемлекетіміздің буынын бекітіп, қанатын қатайтқан Елбасының ерен еңбегін екшеп айтуымыз...

Бокстан Иран ұлттық құрамасындағы қазақ: Олимпиадаға қазақ елінің атынан қатысқым келеді

Бала кезінен 2016 жылғы Рио-де-Жанейро Олимпиадасының чемпионы Данияр Елеусіновке еліктеп өскен қандасымыз Абдулхаким Бектұр бокстан Иран ұлттық құрамасының белді мүшесі. Бүгінде Иранның негізгі құрамасында...

Сапарғали Бегалин − жас ұрпақтың сүйікті жазушысы

ХХ ғасырдың басында дүниеге келіп қилы кезеңдерді бастан кешкен, солай болса да бар өмірін сөз өнеріне арнап өткен Сапарғали Ысқақұлы Бегалин әдебиеттің көптеген жанрларында...

Елбасы және Түркі әлемі

Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығы таяп келеді. Бір ғасырға жуық уақыттың үштен бірін алатын...

6 жасар баланы көлігімен қағып, қашып кеткен азамат ұсталды

Түркістан облысының полицейлері автокөлікпен жаяу жүргіншіні қағып, оқиға орнынан қашып кеткен тұрғынды...

Заңсыздық: Ресей азаматы 14 жыл бойы Қазақстаннан зейнетақы алып отырған

Батыс Қазақстан облысы бойынша экономикалық тергеу департаменті Ресей Федерациясының азаматына қатысты алаяқтық...

Коронавирус өршіп тұр: 1 тәулікте 813 адам вирус жұқтырған

Қазақстанда өткен тәулікте 813 адамда коронавирус расталды. Аймақтар бойынша: Нұр-Сұлтан қаласы - 71 Алматы...

Марадонаның мәйітімен селфи жасап, жұмыстан қуылды

Sepelios Pinier жерлеу бюросының қызметкері жақында қайтыс болған Диего Марадонаның табытының жанында...

Көп оқылды

Коронавирустың жаңа белгілері пайда болды

Коронавирус жұқтырған науқастардың бойындағы ауру белгілері денге қызбасының белгілеріне ұқсас болуы дұрыс диагноз қоюға кедергі келтіруде. Аталмыш белгілерді анықтаған Сингапур ғалымдары арнайы баяндама жасады....

Қазақ Тәуелсіздігіне – 25 жыл

2016 жылдың үлкен мерейтойы – Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығы. Айтулы мерекеге республикамыздың түкпір-түкпірінде қызу дайындық жұмыстары жүргізілетіні бесенеден белгілі. Ал ақтөбеліктер егемендігіміздің ширек...

Ертеңнен бастап мас күйінде көлік жүргізгендер 10 жылға сотталады

Көлікті мас күйінде тізгіндеп, жол ережесін бұзғандар 7 жылдан 10 жылға дейін бас бостандығынан айырылады. Президент осындай өзгеріс енгізілген заң жобасына бұған дейін қол қойған,...

Мемлекет басшысы коронавирустың екінші толқынына не себеп болғанын айтты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев телевизиялық үндеуінде елде коронавирустың және пневмония дертінің өршуіне не себеп болғанын айтты.  «Коронавирус қаупіне байланысты пандемия басталғалы біз елдегі вирустың таралуына шектеу...