Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерге маңызды ескерту жасады

/
Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдерге маңызды ескерту жасады
istockphoto.com

Оқу-ағарту министрлігі мессенджерлер мен әлеуметтік желілерде «Педстарт» атты олимпиадасының ақылы негізде өткізілетіні жөнінде ақпаратқа ресми түсінік берді, деп хабарлады turkystan.kz.

«Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі  «Педстарт»  олимпиадасын  ұйымдастыруға және өткізуге ешқандай қатысы жоқ екенін ресми түрде мәлімдейміз.

Аталған ақпарат шындыққа жанаспайды. Ал Министрліктің фирмалық бланкін заңсыз пайдаланып, жалған хабарлама таратқан тұлғалардың әрекеті – заңға қайшы.

Осыған орай, білім беру ұйымдарының басшыларын және педагогикалық ұжымдарды қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, Оқу-ағарту министрлігі ұсынбаған, ақылы әрі күмәнді олимпиадалар мен байқауларға қатысуға жол бермеуге шақырамыз.

Министрлік ұсынған олимпиадалар мен байқаулардың тізімі №514 бұйрықпен бекітілген. Тек осы тізімге енгізілген іс-шаралар ғана педагогтердің аттестациясы кезінде есепке алынады.

Баршаңызды абай болуға шақырамыз. Осындай жағдайлар анықталғанда дереу өңірлік білім беру ұйымдарына немесе Білім саласында сапасын қамтамасыз ету комитетіне хабарласуыңызды сұраймыз», - деп жазды ведомствоның ресми өкілі Мереке Амангелдіқызы.

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары