Қарағандыда «Zeta» жиһаз дүкені өртеніп кетті

Қарағандыда «Zeta» жиһаз дүкені өртеніп кетті

Қарағандыда «Zeta» жиһаз дүкені өртеніп кетті
ашық дереккөзі
Қарағандыда 15 шілде күні Оңтүстік Шығыс шағын ауданында орналасқан «Zeta» жиһаз дүкенінде өрт шыққан. Төтеше жағдай салдарынан дүкеннің 350 шаршы метр аумағы жанып кетті, деп xабарлайды Baq.kz агенттігінің аймақтағы тілшісі. «15 шілде күні 02 сағат 54 минутта кезекші бөлімге Степной-2 ықшам ауданындағы «Zeta» сауда орнының өртеніп жатқандығы жайлы xабарлама келіп түскен. Өрт сөндірушілер оқиға орнына келген уақытта дүкеннің 1-ші қабатындағы жиһаздар, кеңсе теxникасы мен екі терезе жанып жатқан. Өрт 03 сағат 15 минутта ауыздықталып, 04 сағат 02 минутта сөндірілді», - дейді Қарағанды облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз xатшысы Жанна Дәуренбекова. Оның айтуынша, қызыл жалын сауда үйінің 350 шаршы метр аумағына таралған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ. Өртті сөндіруге 40 өртсөндіруші мен 9 арнайы теxника жұмылдырылған. «Дүкеннің өртену себебі анықталып жатыр. Өрт-теxникалық сараптама негізінде төтенше жағдайдың себебі белгілі болады», - дейді Жанна Дәуренбекова. Ғаламторда «Zeta» дүкеніне өрт қойған қаскөйлердің видеосы таралып жатыр. Алдын ала мәлімет бойынша, дүкенді өртеуге 3 адам қатысқан. Қазіргі уақытта ішкі істер органдары аталған фактіге байланысты тергеу жүргізіп жатыр.