Зират маңынан өрт шықты

Зират маңынан өрт шықты

Зират маңынан өрт шықты
ашық дереккөзі
Семейдегі өрттен зираттар жанып кете жаздады. Тілсіз жау Знаменск трассасының 6-шы шақырымында кешкі сағат 17.32-де тіркелген. Құрғақ шөптен шыққан өрт ағаш орындықтар мен үстелдерді, қоршауларды және мүрде конструкцияларды жалмаған. Жалпы аумағы 500 шаршы метр болатын өртті сөндірушілер жарты сағат дегенде ауыздықтаған. Өртті сөндіруге екі автоцистерна және жеті қызметкер жұмылдырылыпты. 1,5 сағат өткеннен кейін ғана өрт толықтай сөнген. Қазір оның шығу себептері мен шығын көлемі анықталып жатыр»,- деп қалалық төтенше жағдайлар басқармасының баспасөз қызметі хабарлаған. Жалпы жыл басынан бері бұл өңірде 245 өр оқиғасы тіркелсе, оның 8-і дала өрті болып отыр.