Әйелін бәске тіккен жігіттің ойыны осылды

Әйелін бәске тіккен жігіттің ойыны осылды

Әйелін бәске тіккен жігіттің ойыны осылды
ашық дереккөзі
446

Алматылық азамат құмар ойынына әйелін тігіп, ұтылып қалған. Казинодан шыға алмаған жігіттің мұндай күйге қалай түскенін туыстарының бірі айтып берді, деп хабарлайды Nur.kz Ойынның соңына түскен жігіт мұнай компаниясында істеген, жыл сайын еңбек демалысын АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өткізетін көрінеді. Ақылға сыймайтын қадамға ол өткен жылы Қапшағайдағы казинолардың бірінде барған. Үйіне кіріс әкелуді қойған жігіт «көлігімді соғып алдым, ақшаны соның жөндеуіне бердім» деп ұзақ уақыт әйелін алдап келіпті. Артынша көлігі ізім-ғайым жоғалған. Көп ұзамай жұмысынан да айырылады, бірақ құмар ойыннан бас тарта алмаған. Жары мен туыстары оның қарызға белшесінен батқанын кешқұрым үйге баса-көктеп кірген бір топ еңгезердей жігіттерден білген. Казиноға тігерге түгі қалмаған ойынқұмар ұтыстың соңына дейін барып, тіпті әйелін де бәске қойған. Бірақ казино қызметкерлері кепілге келіншекті емес, ойыншының өзін алып қалған. Ойынханадағылардың айтуынша, жігіттің қарызы жүз мың долларға жеткен. Бір ай бойы үш балалы отбасыға қоқан-лоқы жасаған казиношылар ақыр соңында олардың Атакент аумағындағы жалғыз баспаналарын өз аттарына аударып алыпты. Бірақ бұл оқиға отағасына сабақ болмаған. Баспанасынан, барынан айрылған соң түзі жолға түсудің орнына ол талай адамды жұмысқа тұрғызып беремін деп алдап, қомақты ақша жиған. Аңқау жұрттың ақшасын да казиноға салған. Артынан өтірігі ашылып, алаяқтық фактісі бойынша бес жылға сотталып тынды. Күйеуінен қайыр болмаған соң келіншегі үш баласын жетектеп, төркініне кеткен. «Ойыны осылды» деп қазақ осындайда айтса керек.

Серіктес жаңалықтары