Дональд Трамп: АҚШ «мигранттар лагері» болмайды

АҚШ президенті Дональд Трамп дүйсенбі күні Құрама Штаттар «мигранттардың лагері» болмайды деп, демократтарды миграциялық заң жобасын әзірлеуде әкімшілікпен жұмыс істегісі келмейді деп айыптады.

18 маусымда Ақ үйде Ұлттық ғарыш кеңесінде сөйлеген сөзінде соңғы кезде мигранттар мен олардың отбасы мәселелеріне қатысты өзіне айтылған сынға Трамп елге қатаң миграциялық тәртіп керек деп жауап берді.

АҚШ-та соңғы уақытта заңсыз мигранттардың отбасы мүшелерінің бір-бірінен ажырату мәселесін талқылау өршіп барады. Отбасы мүшелерін ажырату бұрын сирек қолданатын, енді федералдық агенттер елден босқын мәртебесін алуды көздеген немесе заңсыз елге кіргендерді кері қайтарып жатыр. Соңғы алты аптада 2 мыңға жуық кәмелетке толмаған бала ата-анасынан ажыратылды деп хабарлаған еді өткен аптада Трамп әкімшілі.

Үкімет жариялаған бейнетаспаға қарағанда, ата-анасынан ажыратылған балалар жақсы жағдайда өмір сүріп жатыр.

БҰҰ-ның Адам құқықтары жөніндегі жоғарғы комиссары Зейд Раад әл-Хуссейн балаларды қысымға алу арқылы миграцияны азайту әрекетін «шектен шығу» деп атады.

Бұл мәселе бойынша АҚШ бірінші ледиі Мелания Трамп та пікірін білдірген.

«Мелания ханым балаларды отбасынан ажыратып жатқанын жүрегі сыздап қабылдап жатыр және екі тараптың да бірлесіп, сәтті миграциялық реформа жасайтынына сенеді», – деп мәлімдеді оның баспасөз қызметі.

Бұрынғы бірінші леди Лора Буш The Washington Post газетіне отбасын бөлу саясаты «қатыгездік, моральдыққа жатпайды» деп пікір білдірген.

Back to top button