Түрік тарихындағы қаңлылар

Түрік тарихындағы қаңлылар

Түрік тарихындағы қаңлылар
ашық дереккөзі
1054
 Біраз уақыттан кейін, соғыс аяқталған соң Қайының баласы Сүлеймен елін алып қайтады. Жолда Евфрат дариясынан өту барысында, өзі суға кетіп мерт болады. Аман қалған төрт жүздей үйді Сүлейменнің баласы Тұғырыл Арыз маңына алып келіп, сол маңда тоқтайды. Оғыздардың Қынық тайпасынан шыққан әскербасшысы, Салжұқтың немересі Тоғырыл-бек 1040-1060 жылдары Кіші Азияда Салжұк түріктерінің мемлекетін құрған. Салжұк әскерінің жартысы қаңлыдан құралған болатын. Бұл жер бейліктерге бөлініп кеткен бұрынғы Салжук мемлекетінің жері болатын. (Бейлік – «бей», яғни билеуші деген сөзден шыққан). Осы бейліктердің бірі – Кония сұлтандығының жері-тін. Селжүктердің түбі Оғыз қағандығына барып тіреледі. Туыстас тайпалар болғандықтан осы жерді Сүлейменнің баласы Тұғырылға бөліп береді… Кейін, шапқыншылық қарқыны саябырсыған кезде қаңлылардың бір бөлігі өзінің тарихи отанына қайтады. Қалған қаңлыларға басшы болып Тұғырыл қалады. Түркияның географиялық қартасында, қазіргі кезде бұл жерлерді Аққойлы, Қарақойлы деп атайды. Біздің Қазақстан аумағындағы Сарыарқа жері деген сияқты. Аққойлы мен Қарақойлы қазақ шежіресінде Ысты руына жатады. Ал, Ысты қаңлыға жатады. (Ұлы жүздің Шапырашты, Ысты, Сіргелі және Ошақты бұл төртеуі Қаңлыдан шыққан. Албан, Қоңырат, Адай шежіресі 52, 36 және 50-беттерді қараңыз. (Авторы Халидуллин О.Х. 2006, «ТОО,ТРАНСИНТЕР») Тұғырыл жергілікті тайпалардың бірінің билеушісі Ғалалиддин деген мен Шыңғысханның баласы Шағатайдың әскері соғысып жатқанын көріп, Ға­лалиддинге болысып көп қайрат көр­сетеді. Оның себебі де бар еді.Шың­ғысхан 1219 жылы қаңлының ханы Қайырханды жауыздықпен өлтіріп, астанасы Отырарды басып алған болатын. Бұл соның кегін қайтару болды. Тұғырыл  әкесінен де мықты жауынгер болып өскен екен. Ол Қараша Хасар деген жерлерді басып алады. Бұған Ғалалиддин разы болып, Аскуд, Қараша тау, Тұманшы деген жерлерді береді. Ертоғырыл қайтыс болғаннан соң, 10 жылдан кейін 1282 жылы Ғалалиддин баласы Османды өз алдына бөлек бек қойды. Мұнан он бір жылдан соң Тәбриздегі Шыңғыс нәсілінен хан болып тұрған Ғазан хан Рум жұртын ша­уып, кішкене хандықтарға бөліп жіберген кезде Осман да өз алдына 1300 жылы бір хан болып қалады. Сол себептен қазіргі қаңлы-түріктер Османлы жұрты атанып, Осман сұлтанды бірінші сұлтан деп санайды: 1299 жылы желтоқсанда Осман түріктерінің мемлекеті келді. Оның негізін 1220 жылы Сырдария маңынан қоныс аударған қаңлылардың басшысы Ертоғрылдың баласы Осман сұлтан (1258-1326 өмір сүрген) қалаған еді. Олар құрған империяның бастауында тұрған 1-ші Осман сұлтанның ұрпақтары бұл мемлекетті 600 жылдан астам уақыт басқарған. 1877-1878 ж. Орыс – түрік соғысында жеңіліп, бұған «Жас османлылар» кінәлі санап, конституцияны таратып жіберіп, дара билік жүргізді. Бұл кезең тарихта зюлим (езу, қанау, зұлымдық) деп аталды. 1908 жылы «Жас түріктер» қоз­ғалысынан сескенген сұлтан конституцияны қалпына келтірді. Ең соңғы ұрпағы. ІІ Абдул Хамид сұлтанды 1909 жылы тақтан тайдырып, оның орнына V Мехмед сайланды. «Жас түріктер» елдегі дағдарысты тоқтата алған жоқ. Соңғы Осман сұлтаны Мехмед VІ Уахидеддин (1918 – 22) сұлтандық жойылғаннан кейін (1922 жылғы 1 қараша) Түркиядан қашып кетті. Бұл империяны алты ғасыр бойы билеген османлы-қаңлылардың тізімі төмендегше: 1.Осман (1288–1326); 2. Орхан I (1326–59); 3.Мурад (1359–1389); 4. Бая­зет (1389–1402); 5.Сулейман (1402–1410); 6.Мехмед I(1411–1421); 7. Мурада II (1421–1451); 8. Мехмедом II (1451–81); 9. Баязет II (1481–1512); 10. Селиме I (1512–20); 11.Сулейман I (1520–66), 12. Селим II (1566–74): 13. Селима Мурад III (1574–95): 14. Мехмед III (1595–1603): 15. Ахмеде I (1603–17): 16. Мустафа I (1617–1618): 17. Осман II (1618–1622): 18. Мурад IV (1623–1640): 19. Ибрагиме (1640–1648): 20. Мехмеда IV (1648–1687): 21. Сулеймана II (1687–91): 22. Ахмеде II (1691–95): 23. Мустафе II (1695–1703): 24. Ахмед III (1703–1730): 25. Махмуде I (1730–54): 26. Осман III (1754–57):, 27. Мустафа III (1757–74): 28. Абдул-Хамиде I (1774–1789):: 29. Селиме III (1789–1807): 30. Мустафа IV (1807–08). 31. Махмуд II (1808–1839): 32. Мухаммед Али,(1831–1833 и 1839): 33.Абдул-Меджида (1839–1861): 34. Абдул-Азиз (1861–76): 35. Абдул-Хамид II (1876–1909): 36. Мехмед V(1909–1918): 37. Мехмед VI (1918–1922) Қазақтың көрнекті ақыны, жазушысы, философы, тарихшы, композиторы Шәкәрім Құдайбердіұлының «Түрік, қырғыз, қазақ һәм хандар шежіресі» атты еңбегі 1911 жылы Орынбор қаласында басылып шықты. Сонда “Қазақтың түп атасы“ деген тақырыпта өлең шумақтарын арнаған.. Айтайын енді Оспанды түрік жайын. Түріктің Сақа деген бір табы еді ол, Тауына Гималайдың барыпты ол. Сақадан қаңлы деген тап бөлініп, Баруға Үрім жеріне тартыпты жол. Солардың кеткеніне 700 жыл, Айтылды біраз одан, оны да біл. Кез болып кезіп жүріп зор бақытқа, Қандай бақ берді тәңірі, соны есеп қыл. Қаңлының ханы болған Қия деген, Жер алып, ерлікпенен ел билеген. Ол өліп, жалғыз ұлы ер Сүлеймен, Сол жерден қайта көшіп, жөнеп берген. Евфраттың дариясына келіп жеткен, Су тасып, нөсер құйып асқан шектен. Алды-артқа қаза келсе қарата ма, Қапыда ер Сүлеймен суға кеткен. Талапты тағдыр оған бала берген, Қайраты, ақылы артық дана берген. Ер Тұғырыл – Сүлейменнің жалғыз ұлы, Сол жерде 400 үймен қала берген. Көшсе де өңкей қаңлы, көшпей қалған, Ерлікпен маңындағы елді алған. Бірталай аз уақыт әскер жиып, Ер Тұғырыл есті батыр деп аталған. Хан емес, көп әскердің басы болған, Қартайып сүйтіп жүріп жасы толған. Орнына Оспан деген ұлы отырып, Ер Тұғырыл 90 жаста опат болған. Осы Оспан көп ел алып хан болыпты, Ақылды, аса айлалы жан болыпты. Келгенше осы кезге сол ат өшпей. «Оспанды түрік» деген даң болыпты. Ұғып ал осы сөзді, жас ұландар, Өз бауырың ол түрік те, осыны аңғар. Осман империясының соңғы хали­фінің немересі Фатма Назлишах Османоглу Сұлтан 2 сәуір 2012 жылы жүрек ауруынан 92 жасында дүниеден озды.Ол 1921 жылы 4 ақпанда Стамбұлда туылған. Империясы құлағанға дейін туған Осман ұрпағының соңғы өкілі болатын. Ф.Сұлтан ханшайым 1922 жылы 16 қарашада тақтан бас тартып, Италияға қашып кеткен Осман империясының соңғы халифі Мехмед VI Уахидеддиннің немересі болып келеді. Балалық шағы Францияның Ницце қаласында өтті. Түркия үкіметі 1952 жылы Осман сұлтан әулеттерін Отанына қайтуға рұқсат етті. Фатма 1957 жылы жұбайымен екеуі Стамбұлға келді. Назлишах Сұлтанның ұлы, қызы, немересі қалды Ф.Сұлтан Осман империясы тағына мұрагерлік етуге мүмкіндігі болған осы әулеттің ең соңғы өкілі десе де болады, себебі оның ұлына Египет ханзадасы деген атақ берілген еді. XX ғасыр басында Османлы импе­риясының әміршісі Сұлтан II Абдулхамит еді. Бұл патшаның мемлекет билігіне қарсы «жас түріктер» қозғалысы күшейе түсті. 1908 жылы жас түріктер партиясы еркіндік жариялады және көп ұзамай II Абдулхамит патша тақтан түсті. Билік басына «Иттихат ва таракки» партиясы келіп, Әнуар паша үкімет тізгінін ұстады. Османлы империясы Германия үкіметімен одақтас болып, I дүниежүзілік соғысқа қатысты. Одақтасы жеңіліп қалғаннан кейін, Османлы мемлекетінің жерін алпауыт елдер бөліске салды. Түркия түріктері Генерал Мұстафа Кемал Ататүріктің бастауымен ұлт-азаттық (1918–1923 ж.) күреске шықты. Жау­ды жеңіп, елді дұшпаннан тазартқан Ататүрік 1923 жылы қазанның 29-да Түркия Республикасын құрып, Түркия Республикасының тұңғыш президенті болып сайланды. Осман империясы 1299 жылы дүиеге келсе, тарих сахнасынан осылай кетті.

Бекболат ТАСБОЛАТҰЛЫ

Серіктес жаңалықтары