Тұман, жаңбыр: 27 қазанға арналған ауа-райы болжамы жарияланды

/
Тұман, жаңбыр: 27 қазанға арналған ауа-райы болжамы жарияланды
istockphoto.com

«Қазгидромет» 27 қазан, дүйсенбі күні Қазақстанның бірнеше өңіріне дауылды ескерту жариялады. Синоптиктердің болжамы бойынша, елдің басым бөлігінде тұман мен жаңбыр күтіледі, деп хабарлайды turkystan.kz.

Абай облысында 27 қазан күні солтүстігінде, шығысында, орталығында тұман болады. Солтүстік-батыс жел соғады; түнде облыстың оңтүстік-батысында екпіні 15–18 м/с дейін жетеді. Облыстың оңтүстігінде өрт қаупі жоғары болып сақталады.

Ақмола облысында түнде және таңертең батысында, солтүстігінде, шығысында тұман күтіледі. Оңтүстік-батысында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Ақтөбе облысында оңтүстік-шығыстан соққан жел күндіз батысында, оңтүстігінде, орталығында 15–18 м/с жылдамдыққа дейін күшейеді. Оңтүстігінде, шығысында өрт қаупі жоғары, ал батысында, солтүстік-шығысында және орталығында төтенше өрт қаупі күтіледі.

Алматы облысында оңтүстік-батыс желі солтүстік-батысқа ауысады. Облыстың оңтүстігінде желдің екпіні 15–20 м/с дейін жетеді.

Атырау облысында күндіз батысында және солтүстігінде кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. Облыстың оңтүстігінде, шығысында және Атырау қаласында төтенше өрт қаупі сақталады; солтүстік-шығысында және оңтүстік-шығысында өрт қаупі жоғары болады.

Шығыс Қазақстан облысында батысында, солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан солтүстік-батысқа ауысады; түнде облыстың оңтүстік-шығысында екпіні 15–18 м/с дейін жетеді.

Жамбыл облысында солтүстік-батыс желі соғады; таулы аймақтарда 15–20 м/с дейін күшейеді. Облыстың батысы мен солтүстігінде төтенше өрт қаупі, орталығында, оңтүстігінде және Тараз қаласында өрт қаупі жоғары деңгейде сақталады.

Батыс Қазақстан облысында батысында және солтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Солтүстігінде және шығысында тұман болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады; күндіз облыстың шығысында екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Орал қаласында 27 қазан түнде және таңертең тұман күтіледі.

Қарағанды облысында 27 қазан түнде және таңертең солтүстігінде және шығысында тұман күтіледі. Батысында өрт қаупі жоғары. Қарағанды қаласында да түнде және таңертең тұман болады.

Қостанай облысында түнде және таңертең солтүстігінде және шығысында тұман болады. Оңтүстігінде төтенше өрт қаупі, ал оңтүстік-батысында өрт қаупі жоғары.

Қызылорда облысында төтенше өрт қаупі сақталады; солтүстігінде, орталығында және Қызылорда қаласында өрт қаупі жоғары деңгейде.

Маңғыстау облысында 27 қазан түнде батысында, солтүстігінде және шығысында найзағаймен бірге қатты жаңбыр күтіледі. Жел оңтүстік-шығыстан соғады; облыстың батысы мен солтүстігінде екпіні 15–20 м/с дейін жетеді. Ақтау қаласында 27 қазан түнде найзағаймен қатты жаңбыр жауады, желдің екпіні 15–20 м/с дейін күшейеді.

Павлодар облысында батысында, оңтүстігінде және шығысында, сондай-ақ Павлодар қаласында тұман күтіледі.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең солтүстігінде, оңтүстігінде және Петропавл қаласында тұман болады.

Ұлытау облысында және Жезқазғанда өрт қаупі жоғары, ал облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Астана қаласында 27 қазан түнде және таңертең тұман күтіледі.

 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары