Бас мүфти балаларға тарту жасады

Бас мүфти балаларға тарту жасады

Бас мүфти балаларға тарту жасады
ашық дереккөзі

Мешіт ауласына жайылған дастархан мен өнерлі жігіттердің қатысуымен қойылған театрландырылған көрініс, балуандар күресі, қызықты ойындар мен сый-сияпаттар шараға қатысқан бүлдіршіндермен бірге 100-ге жуық жетім балалардың көңілдерін шаттыққа бөледі.
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Ержан Мая­меров мырза Алматы облысы Талғар ауданында бірнеше жетім баланы қамқорлығына алған Тұяқ әжейге қасиетті Құран Кәрімді сыйға тартты. Бұрын-соңды болмаған игі бастаманы ұйымдастырған Бас мүфти Ержан Малғажыұлы Мереке иелерін айтулы күндерімен құттықтап, ата-аналарды ұрпақ тәрбиесіне шақырды.