Мұхтар Шаханов –Қырғыз мемлекеттік университетінің профессоры

Мұхтар Шаханов –Қырғыз мемлекеттік университетінің профессоры

Мұхтар Шаханов –Қырғыз мемлекеттік университетінің  профессоры
ашық дереккөзі

Осы мерейтойдың аясында жақында Қазақстанның халық жазушысы, қырғыз ел ақыны Мұхтар Шаханов Бішкек қаласында қырғыз жұртшылығына өзінің «аға-досына» арнаған «Шындық формуласы және махаббаттың  Эверестіне көтерілу» атты эссе-кітабының орыс тіліндегі нұсқасының тұсау кесерін өткізді. Бұл іс-шаралар Қырғыз ұлттық кітапханасында, Жүсіп Баласағұн атындағы Қырғыз ұлттық университетінде, Қырғыз телерадиокомпаниясында өтті. Ишеналы Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университетінде өткен кездесуде Мұхтар Шахановқа университеттің «Ардақты профессоры» атағы тапсырылды. Мұқаң бұрын Қырғыз ұлттық университетінің де құрметті профессорлық дәрежесіне ие болған еді. Ақынның эссе-кітабы жақында қырғыз тілінде де жарық көрмекші. Ұлттық кітапханадағы оқырмандармен жүздесуде Мұхтар Шаханов «Шыңғыс Айтматовтың шығармалары «Манас» эпосынан кейінгі қырғыздың ұлы мұрасы, бір ғана «Ғасырға тете бір күн» романын жазса да, ол әдебиет тарихында мәңгі қалмақ», – деп  жазушы ағасының шығармашылығына зор бағасын берді. Қырғыз ұлттық университетіндегі жүздесудегі сұрау-жауапта Мұхтар Шаханов «Атлантиданы қиратқан Алматы» деген кітабын жазуға кіріскенін хабарлады.