БАРШАНЫ РИЗА ЕТКЕН БРИФИНГбастан-аяқ қазақша өтті

БАРШАНЫ РИЗА ЕТКЕН БРИФИНГбастан-аяқ қазақша өтті

БАРШАНЫ РИЗА ЕТКЕН БРИФИНГбастан-аяқ қазақша өтті
ашық дереккөзі
207

Өткен
бейсенбіде Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметовтің қатысуымен
Астанадағы Орталық коммуникация қызметінде баспасөз мәслихаты өтті. Дәстүрлі
брифинг барысында Асқар Исабекұлы облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының
негізгі қорытындысы туралы толық айтып берді. Бір ерекшелігі, өзге облыс
әкімдері секілді орысша-қазақша емес, баяндамасы мен сұрақтарға берген
жауаптарында түгелдей қазақша сөйледі. Бұл Асқар Исабекұлының дәстүрлі
ұстанымына айналған жайт десек қателеспейміз. 

Жалпы, өңірлік өнім
өткен жылдың қорытындысы бойынша 1,8 трлн. теңгені құрап, биылғы жылы 2 трлн.
теңгеден асқалы отыр. Немесе 4 жылда 2 есеге өсіп, республикадағы үлесі бойынша
10-орыннан 5-орынға көтерілді. Облыста Индустрияландыру картасына 150 жоба
енгізілген. Бұл республикадағы жобалардың 40 пайызы. Жобалар барлық аудан,
қалаларды қамтыған және 65 пайызы ауылдық жерлерде орналасқан. Бүгінде 80 жоба
іске қосылса керек. Жыл соңына дейін тағы 20 жоба іске қосылатын болады.
«Бизнестің жол картасы» бойынша 473 жоба мақұлданып, 6737 жұмыс орны ашылған.
Оның ішінде ағымдағы жылдың үлесінде 197 жоба», – деді Асқар Исабекұлы облыста
атқарылып жатқан жұмыстарға байланысты. 

Облыс орталығында
салынып жатқан жаңа әкімшілік-іскерлік орталығы туралы қойылған сұраққа облыс
әкімі «Шымкент қаласының 364
гектар жер аумағында жаңа әкімшілік – іскерлік
орталығының құрылысы қарқынды жүргізілуде. Орталық аумағында облыс әкімдігінің
ғимаратының, драма театрының, конгресс холдың және бірнеше әлеуметтік
нысандардың құрылысы өз мерзімінде тапсырылады. Биылғы жылы «Отырар» орталық
кітапханасы мен көрме орталығы пайдалануға берілді. Атап айтқанда, 6 білім беру
нысаны, 11 балабақша, емхана, спорт кешені, сот ғимараты, тұрғын үйлер салынуда»,
– деп жауап берді. 

«Индустриалдық
аймақтың тиім­ділігін ескере отырып, барлық аудан, қалаларда аймақ құру жұмыс­тары
жүргізілуде. Бүгінде Түркістан қаласында индустриялды аймақ іске қосылды.
Аймақтарда 19 жоба іске асырылуда, «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының
инфрақұрылымы толық аяқ­талды. 18 жоба мақұлданды, оның 5-еуі іске қосылған,
жыл соңына дейін 2-еуі іске қосылатын болады, оның біреуі кілем тоқу фабрикасы.
Кәсіпкерлерге республикалық бағдарламалардан бөлек облыс деңгейінде де тиісті қолдаулар
көрсетілуде. Республикада алғашқы болып 2009 жылы әкімдікке қарасты қаржы
институты ретінде «Максимум» аймақтық инвестициялық орталығы құрылды. Оған
облыстық бюджеттен жылына 3 млрд. теңге, жалпы 10 млрд. теңге бөлінген», – деді
облыс басшысы өз баяндамасында. 

Соңғы жылдары 251
білім нысаны пайдалануға берілсе, оның 149-ы облыстық бюджет есебінен
салынғанын атап өтті Асқар Исабекұлы. Саманнан салынған мектептердің саны
324-тен 209-ға дейін азайған. Нәтижесінде, 62 апатты, 29 үш аусымды мектептердің
мәселесі, 9 «сақалды» нысанның құрылысы толығымен шешіліп отыр. Сонымен қатар
өңірімізде әр түрлі мемлекеттік бағдарламалардың орындалу барысын,
әлеуметтік-экономикалық, ин­дустриалды-инновациялық, мәдени-ру­хани салалар
бойынша негізгі жұмыс­тар­дың атқарылып жатқанын жеткізді.

Өңірлердің
әлеуметтік-экономикалық дамуын бағалау нәтижелері бойынша Оңтүстік Қазақстан
облысы рес­публикада 3 жыл қатарынан жоғарғы қарқынмен дамып отырған бірден-бір
өңір болып танылды. Облыс әкіміне журналистер тарапынан 50-ден астам сұрақтар
қойылып, олардың барлығына жауап берілген.

Дәурен ӘБДІРАМАНОВ

Оңтүстік Қазақстан
облысы

Серіктес жаңалықтары