ҰЛЫ ЖІБЕК ЖОЛЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ БЕЛДЕУІНЕ

Кездесу барысында тараптар екі­жақты қарым-қатынасты жан-жақты талқылады. Ал кездесуге арқау болған тақырып – «Ұлы Жібек жолының Экономикалық белбеуі» жобасына бөлек тоқтала отырып, жан-жақты пікір алмасты.

Бұл стратегиялық бастама ҚХР­ Төрағасы Си Цзеньпиннің Қа­зақ­стан­ға 2013 жылғы қыркүйек айында жасаған мемлекеттік сапары аясында бастау алған. Бұл бастама Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың да қол­дауына ие болған еді. Бұл кездесу барысында Қ.Сарыбай қазақстандық тарап экономика, сауда, инвестиция, мәдениет секілді салалардағы ын­ты­­мақтастықты қамтитын және ай­ма­қаралық ықпалдастықты сапалы түрде жаңа деңгейге жетелейтін кең ауқымды жобаны іске асыруға дайын екенін жеткізді. 

«Ұлы Жібек жолының Эконо­ми­калық белдеуі» жобасын іске асыру идеясы жалпы алғанда ҚР­ Президенті Н.Назарбаевтың Қа­зақ­станның Орталық Азияның сауда, логистикалық және іскер орталығына айналуына ықпал жасайтын, сонымен қатар Астананың халықаралық ынтымақтастықтағы азиялық векторын нығайтатын «Қазақстан – Жаңа жібек жолы» атты бастамасымен мазмұндас», – деді қазақстандық дипломат.

А.ОСПАНБАЙ

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button