Орел&Решка бағдарламасы Қазақстанда

Орел&Решка бағдарламасы Қазақстанда

Орел&Решка бағдарламасы Қазақстанда
ашық дереккөзі

Таяуда украиналық “Орел и
решка” бағдарламасының Алматыға келгенін көріп таң қалдым. Бір күндік
сапарда қаламыз туралы қаншама ақпарат берген. Осы мәліметтерді кім
берді, қалай алды деп таң қалдым. Мысалы, аз ақшамен аттанатын
жүргізуші қыз автобусқа отырған соң “Бұл жерде автобус бір аялдамада
жарты сағат тұрады. 50 долларымды алып алды, түсіп кете алмаймын. Ол
аздай, қарсы бағытқа жүреді. Бір-бірімен жарысады” деп айтады. Ал
ақша толы карточкаға қол жеткізген жігіт Escalade көлігін жалға алады да
“Бұл көлікпен жергілікті халықты таң қалдыра алмайсың. Алматыда қымбат
көліктер өте көп. Бір қызығы, алматылықтар қымбат көлік алу үшін
несие алып, жалдамалы пәтерде тұруға шыдайды” дейді. Рас қой. Мен бұған
Екатеринбург қаласына барғанда көз жеткіздім. Біздің шетелдік, элиталы
көлікке көзіміздің үйреніп қалғаны соншалық, Ресейде жұмысшы таптағы Лада мен
Нексиалардан көп көлік жоқ, анда-мында бір джип көресің. Сосын Алматы
халқы жер сілкінісінен мүлде қорықпайды дейді. Бұл тек есімде қалған
тұстары ғана. Бұдан ары туристер Rıxos (қонақүйге барғанда “қазақтар
жақсы өмір сүруді” біледі деп қояды. Жалпы бұл жігіт қазақтардың барлығы
бай, жақсы тұрады деген пікірде) қонақүйіне, Шымбұлақ, Көктбөбе,
Панфилов саябағы, Астана алаңы тағы басқа жерлерге барады. Көкпарды
жергілікті халық батыста футболды қалай құрметтеп көрсе, тура солай
көреді дейді.

Сондай-ақ принц Гарри құрбысымен Шымбұлаққа келіп, үш күн шаңғы теуіп кеткен екен. Сірә, осы бағдарламаны көрген шығар.

Өз қаламызды сырт көз қалай бағалайтынын біле жүріңіздер!