Коста Рика бірінші орында

Коста Рика бірінші орында

Коста Рика  бірінші орында
ашық дереккөзі

 

Кешегі доп додасында өнер көрсеткен Италия құрамасы енді
еліне қайтады. Уругвай құрамасына қарсы ойнаған Италия футболшылары 0:1
есебімен жеңіліс тапты. Қос құрама арасындағы ойын аса тартысты өтпеді. Ойын есебі
тек соңғы минуттарда ғана ашылды. 81-минутта Диего Годин тепкен ала доп Италия
қақпасынан табылды. Осы ойынның жалғыз голы Уругвай құрамасын 1/8 финалға
шығарды. Ал осы топтың аутсайдері саналған Коста Рика құрамасы топ арасынан
бірінші орын иеленді. Бұған дейін Уругвай мен Италияны ұтқан Коста Рика
құрамасы соңғы ойында Англия құрамасымен тең есепте ойын көрсетті.