Астанада 48 млн теңгенің есірткісі тәркіленді

Астанада 48 млн теңгенің есірткісі тәркіленді

Астанада 48 млн теңгенің есірткісі тәркіленді
ашық дереккөзі
Астанада 48 млн теңгенің есірткісі тәркіленді. Бұл туралы ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты. Оның айтуынша, Астана қалалық ІІД есірткі бизнесімен күрес басқармасының қызметкерлері елорда аумағында есірткі заттарын сатумен айналысатын тұлғаларды ұстау бойынша арнайы операция жүргізген. Жедел іздеу шараларын жүргізу барысында елорда көшелерінің бірінен бұрын сотты болған қала тұрғыны 2 грамм героинмен ұсталған. «Күдікті тұрғын жатқан баспананы тексеру барысында салмағы шамамен 4 келі болатын героин табылды. Ол есірткі заттарын өзінің сенімді адамдары арқылы таратқаны белгілі болды және олар да ірі көлемде есірткі заттарын заңсыз сақтағаны үшін ұсталды. Арнайы операция барысында заңсыз айналымнан шамамен 12 рет қолдануға болатын есірткі дозасы тәркіленді. Бұл есірткінің «қара нарықтағы» құны ақшаға шаққанда 48 млн теңгеден асып жығылады»,-  деді ол. Алмас Садубаевтың мәліметінше, қазіргі уақытта ұсталғандарға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 296-бабы 4 тармағына және 297-бабы 3-тармағына сәйкес қылмыстық іс қозғалды.