9 Мамыр, 22:37 205 0 Аймақ Назым Тойлыбаева

Жеңіс күніне орай өткен ат бәйгесі

Талдықорғанда ұлттық ат спорты түрлерінен республикалық жарыс өтті, деп хабарлайды  24.kz

Жеңіс күніне арналған аламанға Алматы, Жамбыл, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан облысы мен Қырғызстаннан жалпы саны 100-ге тарта сәйгүлік қатысты.

5 шақырымдық тай бәйгеде Жамбыл облысы, Қордай ауданының «Тұмар» атты жүйрігі мәреге өзгелерден оқ бойы озып келді.

9 шақырымдық құнан бәйгеде Шығыс Қазақстан облысының «Джели» атты қылқұйрығының бағы жанды. Көрермендер атшабардағы үзіліс кезінде аударыспақ, теңге ілу, қыз қуу секілді ұлттық спорт түрлерін де қызықтады. 1

5 шақырымдық тоқ бәйгеде Қарасай ауданының «Сұңқары» бірінші келсе, жорға жарыста Алакөлдің «Тайфунына» жететін ешкім болмады.

Аты бәйгеден келген атбегілер 1 миллион теңгеден сыйлық алды. 1,5 миллион теңге тігілген аламанда Жамбыл облысының аты озды.

Алмат Үшкемпіров, Алматы облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының бөлім басшысы: - Бүгін Жеңіс күніне арналған біздің Алматы облысы Талдықорған қаласында дәстүрлі бәйге өтуде. Талдықорған ипподромының 2003 жылы негізі қаланып, құрылысы салынып біткен болатын. Содан бері 15 жыл үлкен бәйгелер, жарыстар өтуде. Бәйгеге қатысатын аттардың деңгейлері өсіп, қандары тазарып, көбіне араб жылқылары, Еуропа, ағылшын жылқылары қатысуда.

 

Соңғы жаңалықтар