Жамбылдық полицейлер Қырғызстан тумасын 19 жыл құлдықта ұстаған

Жамбылдық полицейлер Қырғызстан тумасын 19 жыл құлдықта ұстаған

Жамбылдық полицейлер Қырғызстан тумасын 19 жыл құлдықта ұстаған
ашық дереккөзі
147

Қырғызстан азаматы 19 жыл бойы жамбылдық тәртіп сақшыларының құлдығында болған. Бұл туралы жәбірленушінің өзі Тараз қаласынан шығатын "Новый регион" газетінің тілшісіне баяндап берді. Қырғызстанның тумасы Василий Евдошенко басынан өткен адам сенгісіз оқиғаны бүге-шүгесіне дейін журналистерге жайып салған. Евдошенконың айтуынша, 1996 жылы ол колонияда алты жыл жазасын өтегеннен кейін құжатсыз, полицейлердің қолында қалыпты. Тәртіп сақшысы оған құжат алуға көмектесуге уәде берген. Ол полицейдің сөзіне сеніп, оның үйінде бірнеше жыл бойы тегін жұмысшы болған. Арада біраз уақыт өткеннен кейін ер адам тауар секілді бір үйден екінші үйге ауысып отырыпты. Ол тағы бір полицейдің қарамағына өтіп, оның үйінде тек тамақ үшін жұмыс істеуге мәжбүр болған. Василий "қожайындарынан" бірнеше мәрте қашып кетпекші де болған, алайда тәртіп сақшылары оны дереу тауып, «қызметіне» қайтарып отырған. Евдошенко 19 жыл ішінде үш үйдің құлдығында болыпты. Василий ақыры қашып құтылған. Ол "Сотталғандарды қалпына келтіру орталығы" қоғамдық бірлестігіне жүгінген. Ондағылар құжаттарды қайта жасату үшін газет редакциясына және ішкі істер органдарына хабарласуға кеңес беріпті. Қазір Евдошенконың арызы прокуратураның қарауында.

Серіктес жаңалықтары