Головкиннің 5 мамырда кіммен жұдырықтасатыны белгілі болды

5 мамырда Лас-Вегаста өтетін жекпе-жекте Геннадий Головкинмен жұдырықтасуы мүмкін боксшының кім екені белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz. 

The Ring журналы дереккөзінің хабарлауынша, Головкиннің қарсыласы болуы мүмкін басты үміткер 33 жастағы ирландтық боксшы Гэри «Спайк» О Салливан (27-2, 19 KO) болып отыр.

Бұл боксшы орта салмақтағы WBA-NABA және WBO Intercontinental екінші дәрежедегі титулдарына ие.

Головкин келесі жекпе-жекті T-Mobile Arena-да емес, MGM Grand кешенінің алаңында өткізуі мүмкін. Десек те, жекпе-жек HBO PPV-ның ақылы жүйесінде көрсетіледі.

 

Back to top button