ҚАЗКОММЕРЦБАНК СИНДИКАТТАЛҒАН НЕСИЕНI ӨТЕДI

ҚАЗКОММЕРЦБАНК СИНДИКАТТАЛҒАН НЕСИЕНI ӨТЕДI

ҚАЗКОММЕРЦБАНК СИНДИКАТТАЛҒАН НЕСИЕНI ӨТЕДI
ашық дереккөзі
211

Қазкоммерцбанк жалпы сомасы 1,3 миллиард АҚШ долларын құрайтын синдикатталған қарызды толығымен өтедi. Тiзбекке сәйкес 15-шi желтоқсанда банк қалған соманың – 69047619 АҚШ долларын өтедi.

Бұл синдикатталған қарыз 2005 жылдың желтоқсанында банк клиенттерiнiң экспортты-импорт операцияларын қаржыландыру мақсатында тартылған болатын.

Синдикаттың ұйымдастырушылары The Bank of Tokyo-Mitsubishi Ltd, Calyon, Commerzbank Aktiengesellschaft, Deutsche Bank AG болды.

2008 жылы Қазкоммерцбанктiң сыртқы мiндеттемелерге сәйкес өтелетiн негiзгi қарыздың жалпы сомасы 2,2 миллиард АҚШ долларын құраған болатын. Өтеу тiзбегiне сәйкес қарыз банктiң өз ресурстарының есебiнен төлендi.

Қазкоммерцбанк болашақта да өз мiндеттемелерi бойынша төлеудi бар тiзбектерге сәйкес жалғастырады. Банк жоспарында өз қарызын реструктуризациялау қарастырылмаған және банк осы мәселе бойынша келiссөздер жүргiзiп жатқан жоқ.

“Сыртқы қарызды өтеу 2007 жылдың аяғына 2008 жылдың басына келiп, бiз бұл кезеңнен сәттi өттiк. Ендi 2009 жылдың соңына дейiн өтелетiн сыртқы қарыздың мөлшерiн төлеу үшiн қосымша қаражат керек болады деп ойламаймын”, — дедi банктiң басқарма төрайымы Нина Жүсiпова.

Г. МУХСИНОВА

Серіктес жаңалықтары