НҰР-МҮБАРАКТАҒЫ ЖИЫН

НҰР-МҮБАРАКТАҒЫ ЖИЫН

НҰР-МҮБАРАКТАҒЫ ЖИЫН
ашық дереккөзі
226

Алматыдағы Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениетi университетiнде “Қазақстандағы дiн және қоғамдық келiсiм мәселелерi” атты халықаралық ғылыми тәжiрибелiк конференция болып өттi.

Әуелгi сөздi бастаған Нұр-Мүбарак университетiнiң ректоры Махмұд Фаһми Хижази: “Жоғару оқу орындарындағы Исламтану мамандығы және оның болашағы” атты тақырыпта келелi пiкiр айтып, толғауы тоқсан мәселенi көтердi. Ал аталмыш университеттiң проректоры Шәмшидин Керiм: “Қазiргi қазақ қоғамындағы имамдардың ағартушылық орнына” тоқталып өттi.

Соңғы кездерi қоғамда экстремизим мен терроризм мәселесi туралы айтылып та, жазылып та жүр. Әлемге қауiп төндiрген бұл мәселелерге қазақ қоғамы ғана емес, дүниежүзiнiң алаңдап отырғаны рас. Осы орайда “Экстремизм мен терроризм турасындағы исламдық ұстаным” тақырыбына сөз қозғаған университеттiң деканы, ғылым докторы Мұхаммед Махмуз бүгiнгi күнi өзектi болып отырған мәселенi жан-жақты талдап бердi.

Атамыш жиында “Бейбiтшiлiк жолында тәрбие беру мәселесi”, “Қазiргi мысыр жазушысы Алау Асуаниның “Йағқұбян” атты романындағы төзiмдiлiк мәселесi” және “Құрандағы төзiмдiлiк мәселесi” де тыс қалмады.

Гүлзина Бектасова

Серіктес жаңалықтары