БҰЛАҚ КӨРСЕҢ, КӨЗІН АШ

БҰЛАҚ КӨРСЕҢ, КӨЗІН АШ

БҰЛАҚ КӨРСЕҢ, КӨЗІН АШ
ашық дереккөзі

Жуырда Астана қаласының «Конгресс Холл» сарайында «Ел іші — өнер кеніші» атты республикалық телевизиялық халық шығармашылығы байқауының гала-концерті өтті. Салтанатты мерекелік кешке ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай қатысты

Байқаудың ақтық сынына еліміздің барлық аймақтарының және Алматы, Астана қалаларының іріктеу кезеңдерінен жеңіп шыққан шеберлер мен үздік ұжымдар қатысты.

Мерекелік кеште сөз алған ҚР Мәдениет және ақпарат министрі Дархан Мыңбай мырза еліміздің түкпір-түкпірінде біртума дарынды да тамаша өнерпаздар көп екендігін тілге тиек етті. Министр: «Байқауға еліміздің барлық аймақтарының және Алматы, Ас­тана қалаларының шеберлері және үздік ұжымдары қатысты. Байқаудың іріктеу кезеңі ал­дын ала барлық облыстарда өт­кен болатын. Мәдени ша­ра жаңа дарындарды анық­тау және таланттарға, өзін­дік ерекшеліктері бар шығар­машылық ұжымдар мен орын­даушыларға қолдау көрсетуді, та­лантты адамдарға қолдау көр­сетуге және олардың шы­ғармашылық қабілетін да­мы­туға жағдай жасады, тұр­ғындардың жалпы мәдени дең­гейін көтеру мен эстетикалық тәрбие ісін ұйымдастыруды мақ­сат тұтты. Бұл өз кезегінде мә­дени аумақтағы мемлекеттік сая­сатты жүзеге асыруға, Қа­зақстан халқы мәдениетін жан­дандыруға, сақтауға, дамытуға және таратуға, жастардың ұлт­жандылық тәрбие алуына, ол­ардың ұлттық және әлемдік мә­дениет құндылықтарымен та­нысуына айтарлықтай ықпал ет­еді», – дейді.

Министрдің айтуынша, халық өнерінің қайнар көзі, кәусар бұлағы – ел ішінен бастау алатындықтан, аталмыш байқаудың маңызы жыл өткен сайын арта түспек. Халық өнері мен рухани мұрасын бүгінге жеткізіп, насихаттап жүрген тума талант иелері ары қарай да қолдауға ие бола береді.

«Бұл түптеп келгенде қазақ өнерін, қазақ мәдениетін қолдау болып табылады. Бүгінгі Астанадағы қорытынды кешке 63-ке жуық азамат келді. Мұның барлығына жәрдем берген облыстық мәдениет басқармаларының бастықтарына және облыс әкімдіктеріне рахметімді айтамын», – деп сөзін түйіндеді министр.

Байқаудың гала-концерті ал­дында «Конгресс Холл» са­райының кіреберісінде әр өңірдің қолөнер шеберлерінің көрмесі өтті. Бұл көрмеде әр ай­мақтардың ерекше мәдениетіне, өнеріне және дәстүрлеріне тән асыл бұйымдар көрермен на­зарына ұсынылды.

Г.БЕКТАС