248
Махмұт Қашқаридың 1000 жылдық мерейтойына арналған түркi тiлдес халықтарының халықаралық әңгiме мүшәйрасы өтедi
Махмұт Қашқаридың 1000 жылдық мерейтойына арналған түркi тiлдес халықтарының халықаралық әңгiме мүшәйрасы өтедi
Алғашқы түрiк сөздiгiн жазған Махмұт Қашқаридың 1000-жылдық мерей тойына арналған, түркiтiлдес халықтары арасында, Евразия Жазушылар одағының басшылығында, түркiтiлдес халықтарының әдебиет жұрналдары конференциясының қарарына сәйкес, халықаралық әңгiме мүшәйрасы өтедi.
Мүшәйра, "ЮНЕСКО 2008 жыл Махмұт Қашқари жылы" бағдарламасы шеңберiнде түркiтiлдес халықтары арасында бiрдей уақытта өткерiледi. Мүшәйра Әзiрбайжан, Балқан елдерi (Батыс Тракия түрiктерi, Бұлғария, Косова, Македония, Румыния), Башқұрстан, Гәгәузия, Ирак, Иран, Қазақстан, Қырым, Қырғызстан, Өзбекстан, Татарстан, Түркия, Түрiкменстан, Чувашстан, Ұйғыр, Хақас, Саха, Алтай, Тыва, Солтүстiк Қыбыр Түрiк Республикасы сияқты 24 түркiтiлдес халықтары арасында өткiзiледi. Қатысушылар қай елде жасаса да, әңгiмесiн түркi тiлiнiң қай бiрiнде жазған болса сол тiлдiң қазылар алқасына жiберуге тиiстi. Сонымен бiрге автор ана тiлiнде әңгiме жазуға тиiстi; кейiннен үйренген түркiтiлдес халықтарының бiрiнiң тiлiнде жазатын болса ол кезде әңгiме, жазылған тiлдiң қазылар алқасына жiберiлуi арқылы жарысқа қатыса алады. Жеңiмпаздарды анықтау. Мемлекеттерде алғашқы үш орынға бәйге және бiр әңгiмеге ынталандыру сыйлығы берiледi. Мемлекеттерде жеңiмпаздар жарияланғаннан кейiн әр елдiң бiрiншi жүлдегерлерi арасында, халықаралық қазылар алқасының жаңа бағалауымен "ЮНЕСКО 2008 жыл Махмұт Қашқари жылы", "Халықаралық әңгiме мүшәйрасы" жеңiмпаздары жарияланады. Халықаралық бағалауға алғашқы үш жеңiмпаз бәйге және үш әңгiме ынталандыру сыйлығымен марапатталады. Қазақстандық бәйге көлемi: Бiрiншi бәйге: 500 Eur Екiншi бәйге: 300 Eur Үшiншi бәйге: 200 Eur Бiр ынталандыру сыйлығы: 100 Eur Халықаралық бәйге көлемi: Бiрiншi бәйге: 6.000 Eur Екiншi бәйге: 4.000 Eur Үшiншi бәйге: 2.000 Eur Үш ынталандыру сыйлығы: 1.000 Eurодан. Әңгiмелердiң халықаралық бағалануы: 17 қазылар алқасы тарабынан қабылданған жеңiмпаздардың әңгiмелерi, түрiк тiлiне (Туркия түрiкшесiне) аударылады және мүшәйра өткiзiлген мемлекеттерден түрiк тiлiн бiлген жазушылар арасында құрылатын халықаралық қазылар алқасы тарабынан бағаланады. Мүшәйраның тәртiбi: 1. Шығармалар белгiленген адрестерге қолдан, Электрондық адрес немесе пошта жолы арқылы жiберiледi. 2. Жiберiлген шығармалар бұрын еш бiр жарыста бәйге алмаған және еш жерде жарық көрмеген болуға тиiс. 3. Әңгiме еркiн тақырыпта. 4. Ең көп болғанда екi әңгiмемен қатысу мүмкiн болған жарыста жiберiлетiн әңгiмелердiң әрi бiрi ең азы — 300 (үш жүз), ең көбi — 35.000 (отыз бес мың) сөзден аспауы керек. 5. Жарысқа жiберiлетiн әңгiмелердiң үстiне тек қана бүркеншiк есiмi жазылуға тиiс; бүркеншiк есiмiнен басқа автор өзi туралы еш қандай анықтамалық ат көрсетпеуге мiндеттi. Көрсетiлген әңгiмелер жарысқа қатыса алмайды. 6. Автор аты-жөнi, мекен-жайын, автобиографиясын және 1 дана фотосуретiн басқа бiр конвертке салып үстiне тек қана бүркеншiк есiмiн жазады және оны әңгiме салынған үлкен конвертке салып жiбередi. 7. Компьютерде 12 шрифтпен жазылатын әңгiмелер 6 нұсқа болып жiберiледi сонымен бiрге жүлде алған әңгiмелер кiтап болып шығатындығына байланысты әңгiме салынған конверттiң iшiне Word форматында әзiрленген файл, СD немесе дискетке жазылып жiберiледi. 8. Жарысқа қатысатын әңгiмелер қайтарып берiлмейдi және автор бұл туралы ешқандай құқыққа ие емес. 9. Жарыста жүлде алған шығарманың әртүрлi құқықтары Евразия Жазушылар одағына тән. Халықаралық бәйгелер Анкарада баспасөз-конференциясы арқылы жарияланады. Мемлекеттерде әңгiмелердi соңғы тапсыру мерзiмi: 30 қазан 2008 жыл Мемлекеттерде бәйге жеңiмпаздарын жариялау: 30 қараша 2008 жыл Қазақстан бойынша әңгiмелер қабылданатын мекен-жай: Алматы қаласы, Шоқан Уәлиханов көшесi 43 А үй, "Атажұрт" баспа орталығы, 050002. Тел: 273-90-25, 298-25-48, 8-701-6189990 Байланыс жасаушы: Жәди Шәкенұлы (Евразия Жазушылар одағының мүшесi, әдiлқазылар алқасының төрағасы) электрондық адрес: Jadyshakнe-kaz@mail.ru немесе nar-altay-kazah@mail.ru Маңызды ескертпе: Жоғарыда айтылғандай қатысушылар қай елде жасаса да, әңгiмесiн түркi тiлiнiң қай бiрiнде жазған болса, сол тiлдiң қазылар алқасына жiберуге тиiстi. Ал ендi қатысушы, сол тiлдiң қазылар алқасымен байланыса алмаған жағдайда, әңгiмесiн Еуразия Жазушылар одағына немесе төменде көрсетiлген электрондық адреске жiберуiне болады. km1000hy@gmail.com Ұйымдастыру комиссиясы