Көкшетау автовокзалында өрт шықты

/
Көкшетау автовокзалында өрт шықты

Көкшетау қаласының автовокзалы аумағында жұмыс істемейтін сауда дүңгіршегі өртенді. Өрт туралы хабар күндізгі уақытта шұғыл қызмет өкілдеріне түскен, деп хабарлайды turkystan.kz.

Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелері дереу жетті. Құтқарушылардың үйлесімді әрі жедел әрекетінің арқасында өрт шамамен 9 шаршы метр аумақта толық сөндіріліп, жалынның көрші нысандарға таралуына жол берілмеді.

Абырой болғанда, оқиға салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ. Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің шығуына электр сымдарының қысқа тұйықталуы себеп болған.
 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары