ДYНИЕЖYЗI САУДА ҰЙЫМЫНА ЕНУГЕ ДАЙЫНБЫЗ БА?

ДYНИЕЖYЗI САУДА ҰЙЫМЫНА ЕНУГЕ ДАЙЫНБЫЗ БА?

ДYНИЕЖYЗI САУДА ҰЙЫМЫНА ЕНУГЕ ДАЙЫНБЫЗ БА?
ашық дереккөзі
421

Дүниежүзiлiк сауда ұйымына ену — Қазақстан үшiн қаншалықты тиiмдi, қаншалықты тиiмсiз? Дәл осы мәселеде әлi бiр шешiмге келiп, бiр байламға тұрақтаған жоқ. Дегенмен сарапшылар: «2010 жылы осы бiр халықаралық беделдi ұйымға мүше болуымыз мүмкiн», дегендi айтады.

Егер, Қазақстан ДСҰ-ға енетiн болса, бұл жолда елiмiздiң қай саласы зардап шегiп, қай саласы ұтады? Әзiрге бұның қорытындысын жасап, одан белгiлi бiр қорытынды шығарған да ешкiм жоқ. Өткен аптада Медианет халықаралық журналистика орталығы осы тақырыпқа орай, кәсiпкерлердiң пiкiрiн бiлу мақсатында шағын баспасөз саяхатын ұйымдастырды.

Ең әуелi, Алматы облысы, Iле ауданына қарасты JTI-Gallaher темекi зауытында болып, темекi өнiмдерiнiң қалай өндiрiлетiндiгiмен танысып, компания басшыларының пiкiрiн тыңдадық. Компанияның коммуникация жөнiндегi менеджерi Олжас Бибанов: "Егер, Қазақстан ДСҰ-ға енетiн болса, Қытай рыногынан сапасыз, жалған темекi өнiмдерi қаптайтын болады" дейдi. Дегенмен, бұл компания басшылары әлi нақты сараптама жасамағандығы байқалады. Өйткенi, журналистердiң: "Сапасыз тауарлар Қытай тарапынан қазiр де басып алған жоқ па?" деген сауалына, күмiлжiп қалды.

"Жергiлiктi өндiрушiлердiң бәсекелестiк қабiлетiн күшейту үшiн мемлекеттiк қолдау қажет. Ол үшiн акциздер импорттық экспансиядан қорғайтын бiрден-бiр фактор. ДСҰ-ына кiру Ресейде мол өндiрiлетiн темекi өнiмдерiнiң Қазақстан рыногын жаулап алуына жағдай жасауы мүмкiн. Бүгiнде ДСҰ-ға мүше Қырғызстаннан контрабанда мен контрафакт өнiмдерi көбейiп кеттi" дейдi Олжас Бибанов.

Бұдан кейiнгi сапарымыз “Vita” акционерлiк қоғамында жалғасты. Бұл компания тағам өнiмдерiн өндiредi. Отандық өндiрiсте өзiндiк орны қалыптасқан. Компанияның бас директоры Петр Потапов ДСҰ-ға кiруден қорықпайтындығын айтады. Оның пiкiрiнше, “Вита” компаниясы бәсекелестiкке қабiлеттi. ДСҰ-ға енген Қырғызстан аумағында компанияның тағы бiр бөлiмшесi жұмыс iстейдi. Қазақстан тұтынушыларына кеңiнен таныс "Ертiс" өсiмдiк майы мен сары майы және басқа да сүт өнiмдерiнiң шикiзаттары Қазақстан мен Қырғызстанның ауылшаруашылығынан алынады. Аталған компанияның Қазақстанда 2000, Қырғызстанда 2000 жұмысшысы бар. П. Потапов компания өнiмдерiн саудалауда Қырғызстанда ешқандай проблема болып көрмегендiгiн айтады. Демек, "мәселе — өндiрiлген өнiмнiң өзiндiк құнында емес, салық жүйесi мен кедендiк тәртiпке байланысты" дейдi ол. Сондай-ақ, Қазақстанның алып территориясы да тауардың өзiндiк құнына әсер етедi екен. Мәселен, Аргентинадан Прибалтикаға кез келген ауылшаруашылық тауарын жеткiзудiң құны тоннасына 30 доллар тұрса, Қазақстанның бiр шетiнен екiншi шетiне дейiн тауар тасу құны да осындай бағаға сай. Ал, Аргентинадан немесе Австралия, Канада, АҚШ-тан Қазақстанға төмен бағадағы тауарды әкелуге болмайды. Сондай-ақ, П. Потапов елдегi шикiзаттың өте-мөте табиғи екендiгiн айтады. Мұның өзi елiмiз ДСҰ-ға енген жағдайда компания өнiмдерiнiң өтiмдi болуына кепiлдiк бередi екен. Қазiр әлемнiң көптеген елiнде табиғи өнiмдер жоғалып бара жатқаны айқын. Демек, темекi өндiрушiлер контрабанда мен контрафактiден қорықса, тағам өндiрушiлер бәсекелестiкке дайын екендiгiн жеткiздi.

ДСҰ-ға кiруге бөгет болатын тағы бiр мәселе — ауылшаруашылығының әлi де дағдарыстан шыға алмай отырғандығы. Потапов: «Ауыл шаруашылығы ақырындап аяғынан тұрып келедi» дейдi. Дегенмен, бұл жекелеген iрi компанияларға ғана қатысты болса керек. Халқымыздың 50%-ы тұратын ауылдардағы жекелеген адамдардың өнiм өндiруге қабiлетсiздiгi, шағын және орта бизнестiң дамымай отырғандығы, орта шаруаның әлi де қалыптаспай келе жатқандығы — барлығы да ДСҰ-ға енуге мүмкiндiк бермейтiн факторлар.

“Вита” компаниясының ауылшаруашылығы жерлерiнде қосымша шаруашылықтары бар. ДСҰ-ға кiргенмен, ауылшаруашылығын мемлекеттiк деңгейде қолдауға тыйым салынбайды. Потапов: "Ең бастысы — техника сатып алуға үлгеру" дейдi. Дегенмен, ДСҰ-ға ену Қазақстанның ауылшаруашылығына не беретiндiгiн айқындау әзiрге қиын.

“Вита” өнiмдерi қазiр Ресей, Өзбекстан, Украина рыногын жаулай бастады. Егер, ДСҰ-ға енсек, бұл компания өнiмiнiң таралу аумағы "Оралдан Байкалға дейiнгi" аралықты қамтитындығын айтады.

“Вита” акционерлiк қоғамынан кейiн ат басын бұрғанымыз "Алматыбалық" компаниясы болды. Компания әзiрге өнiм өндiрмейдi. Отырған ғимараты да ескi, ешқандай техникалық құрал-жабдықтармен жабдықталмаған. Бiздiң таңданысымызды байқаған аталған компания директоры Базарбай Ахмадиев оның iсiн жандандыруға ендi ғана кiрiскенiн, жақында бiреулерден сатып алғандығын айтады. Қазақстан ДСҰ-ға енгеннен бұрын, өз компаниясын экспортқа өнiм шығаратын компания ретiнде қайта жасақтауды жоспарлап отыр екен. Зауытты толығымен реконструкциядан өткiзу үшiн 10 миллион доллар талап етiледi. Оның 5 миллионы зауыттың ғимаратын тұрғызуға, ендi 5 миллионы қазiргi заманға сай австриялық құрал жабдық сатып алуға қажет. Зауытты 2009 жылдың күзiнде пайдаға беру көзделген.

— Еуропа техникалық талапты жоғары қойып отыр. Егер, бiздiң техникаларымыз олардың талабынан шығатын болса, бiздiң өнiмдерiмiздiң тең жартысынан астамын сатып алмақ ниетте. Жылына 10 мың тоннаның өнiмiн өндiру жоспарлануда. Әлемде Қазақстан балығына деген сұраныс жоғары. Әсiресе, оның дәмiнiң жұмсақтығы жоғары бағаланады. Қазiргi алдын ала зерттеу нәтижелерi бiздiң өнiмнiң Еуропа рыногының 12%-ын жаулай алатындығын көрсетедi. ДСҰ-ға ену тауарды саудалауды жеңiлдетедi, — дейдi ол.

Алматы Кәсiпкерлер қауымдастығының президентi Виктор Ямбаев ДСҰ-ға енсек неден ұтып, неден ұтылатындығымызды былай саралайды:

— Егер, ДСҰ-ға енетiн болсақ, сыртқы саясатта ең үлкен жетiстiкке қол жеткiзер едiк. ДСҰ — беделдi халықаралық ұйым. Оған ену лайықтылардың арасынан орын алу деген сөз. Екiншiден, бiздiң нарықтық экономика әлемдiк бәсекелестiкке төтеп бере алатын болады. Үшiншiден, бұл бiздiң iшкi саясаттағы жетiстiгiмiз.

Алайда, бизнес осы салада жүргiзiлiп жатқан келiссөздерден бейхабар. Бизнес ДСҰ-ға енгенде неден ұтып, неден ұтыларымызды әлi түсiнген жоқ. Сондай-ақ, бизнес бұл ұйымға енуге мүдделi емес. Оған мүдделi ұйымдар экспортқа бейiмделген өнiм өндiретiн ұйымдар. Бiздегi бұндай сала — тек шикiзат өндiрушi сала, яғни мұнай-газ ғана. Демек, бiздiң ДСҰ-ға енуiмiз тым қауiптi де, тым тиiмдi де емес. Бiрақ, одан бiздiң өндiрушi сектор зардап шегетiн болады.

Қазақстан кәсiпкерлер форумы кәсiпкерлердiң 28%-ы ғана бұл ұйымға кiргенде, өзге шетелдiк кәсiпкерлермен бәсекелесе алатындығын айтады. Сондай-ақ, елдегi салықтың тым жоғарылығы, экономиканың ашық еместiгi, көлеңкелi бизнестiң көптiгi ДСҰ-ға енуге мүмкiндiк бермей отырғандығы тағы бар. Демек, бұл ұйымға енуге дайындық тым төмен көрiнедi.

Есенгүл Кәпқызы

Серіктес жаңалықтары