"КАЗАҚМЫС" ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ИСО СТАНДАРТЫН ОЙДАҒЫДАЙ ЕНГIЗДI

"Қазақмыс" корпорациясының кәсiпорындары осыдан бiр жыл бұрын ИСО 9001, ИСО 14001, OHSAS 18001 деп аталатын үш халықаралық стандарттың талабы бойынша менеджмент саласының интегрирлық жүйесiн енгiзуге кiрiсiп кеткен едi. Бiзге таныс бола қоймаған әрi қиындығы көп, бiрақ, бүгiнгi заман талап етiп отырған жұмысты жасауға компанияның 20 кәсiпорны мен 2 құрылымдық бөлiмше басқармасы белсендi түрде жұмылдырылды. Нәтижесiнде игi жобаның алғашқы қорытындысы сәттi аяқталды.

Мәселен, күш-қуатын тарататын бас энергостанция ә дегеннен-ақ, үш стандарт бойынша сертификациядан жемiстi өттi. Ағымдағы жылдың ақпан айында Жезқазғандық мыс балқыту зауыты, №1,2 Жезқазған кен-байыту фабрикасы, Жылуэлектроорталығы, Жылуэнергетика кәсiпорындары экологиялық менеджмент талабына сәйкес келетiн ИСО 14001 халықаралық стандарты бойынша сертификациялық аудиттi ұстап қалды. Бұл алғашқы әрi келешекте өте-мөте қажеттi жеңiс қорытындысы "Қазақмыс" корпорациясының басшылығын бей-жай қалдырған жоқ. "Қазақмыс" Корпорациясы" ЖШС Басқарма төрағасы Эдуард Огай мырза салтанатты шара барысында аты аталған бес кәсiпорын жетекшiлерiне арнайы сертификатты табыстады. Техникалық инспекция саласындағы әлемдiк лидердiң сертификатын және "Moody International" компаниясы англиялық тобының сертификация қызметiн КГРЭС директоры Иля Жұлниязовқа ұсынса, ал "AFAQ AFNOR Rus" француздық компанияның сертификаттарын Жезқазған мыс балқыту зауытының директоры Әбдiлмәжит Такишов, №1,2 Жезқазған кен-байыту фабрикасының директоры Нұрмұханбет Айбеков, Жылуэнергетика кәсiпорнының директоры Станислав Писарев, Жезқазған ТЭЦ директоры Бақытжан Қарайдаров иемдендi.

Марапаттау шарасында компанияның Басқарма төрағасы Эдуард Огай кәсiпорындардың жетекшi-басшыларының халықаралық стандартты енгiзуде бастаған үлкен жауапкершiлiктi жұмыстарын ерекше мақтанышпен атап өттi. Ол: "Алып, енгiзiп оны түсiне бiлу! Одан қала бердi тез арада жұмысшыларды оқытып, үйрету ауқымды игi iс"— дедi жиналған қауымға. Эдуард Огай мырза осы бастамаға жан бiтiрген корпорацияның бүкiл жұмыс тобына алғысын бiлдiрiп, жемiстi еңбек еткендерге сыйақы тағайындайтынын жеткiздi. Әрине, бұған дейiн кәсiпорынның қарқынды еңбек еткен тобының бiлiктi мамандары корпорация атынан ақшалай сыйақы алғанын айта кету керек.

"Қазақмыс" корпорациясы" ЖШС техникалық және корпоративтi дамыту жөнiндегi директоры, компанияның кәсiпорындарына менеджменттiң интегрирлық жүйесiн енгiзуге жауапты Константин Ко: "Ағымдағы жылдың жоспарында осы халықаралық стандарттарды 20 кәсiпорынның барлығына енгiзудi аяқтауды көздеп отырмыз" дегендi бiлдiрдi. Бiр қуаныштысы, №1,2 Жезқазған кен-байыту фабрикасы сертификациялық аудиттен сәттi өтiп, халықаралық аудиторлар тобының қолдауы бойынша сертификат алудағы мiндеттi талаптардан сүрiнбей, ИСО 9001 и ОHSAS сертификатын алатын болды. Бүгiнде Жезқазған мыс балқыту зауыты, Солтүстiк-Жезқазған және Шығыс-Жезқазған кеншiлерi сертификациялық аудиттiң екiншi баспалдағына дайындық үстiнде. Бiр сөзбен айтқанда, менеджменттiң жаңа жүйесiне өтудегi маңызды iстегi алғашқы жемiстi нәтиже корпорация басшыларын қанағаттандырып отыр.

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button