САЯСАТ ТҰЛҒАСЫМЕН КӨРIКТI

САЯСАТ ТҰЛҒАСЫМЕН КӨРIКТI

САЯСАТ ТҰЛҒАСЫМЕН КӨРIКТI
ашық дереккөзі

Мұндай сауал қоюға әлi ерте секiлдi. Бiрақ, былтырғы Парламент сайлауынан кейiн саябыр тапқан саясат сахнасында әлдебiр сiлкiнiс байқалады. 2008 жылдың алғашқы 3 айында өлi тыныштық орнаған саяси аренадағы ең басты жаңалық билiк құрамында күнделiктi өзгерiстердiң орын алғаны болған едi.

Жыл басталысымен кәдiмгi ауыл үйде айтылатын саяси өсек өршiп кеттi. "Премьер-министр кетедi екен". "Қажыгелдин шетелден оралады екен". "Бәлкiм, ендiгi премьер Қажыгелдин болып қалуы да ғажап емес". "Қажыгелдин жаңа партия құруды жоспарлауда". Бiрақ, бұл өсек қоламтада бықсып барып, тұншықты. Қажыгелдин жайлы әңгiмелер басылып та қалды. Ендi саясат аренасында жаңа саяси ұйым — "Азат" партиясы пайда болды. Содан берi бұрынғы "Азат" ұлттық-патриоттық қозғалысының атын иемденiп алған партия лидерi Б. Әбiловтiң маңайындағы әңгiмелер тиылар емес.

Бұрынғы "азаттықтар" ұлттық-патриоттық қозғалыстың брендiн пайдаланған Б. Әбiловтiң басына барлық күйе-жаланы жауып жатыр. Болат Әбiловпен съездi бiрге өткiзiп, аталған ұйымның президиумынан табылған бұрынғы азаттық Жасарал Қуанышәлi жақында баспасөз-мәслихатын өткiзiп, жаңа "Азаттан" бойын аулақ салатындығын айтты. Айтысына қарағанда, ол жаңа партияның "Азат" атын иемденiп алғанын бiлмей қалыпты. Аталған баспасөз-мәслихатында бұған дейiн бiрге жүрген идеяластарын неге қолдамайтындығына ол 10 түрлi уәж келтiредi. Оның бастысы, әрi негiзгiсi — партияның президиум мүшелерiмен келiспей бiрден "Азат" деген атауға ие болғандығы. "Жаңа партияға жаңа атау таппайтындай қазақ тiлiнiң сөздiк қоры сондай кедей ме едi?" — дейдi Жасарал Қуанышәлi таратқан баспасөз баянында.

Оппозициялық басылым беттерiнен Б. Әбiловтiң соңғы кезде саясатпен белсене араласып кетуi мен Алматы қаласының әкiмi Иманғали Тасмағамбетовпен бетпе-бет айқасқа шыққанынан жаңа бiр саяси мүдде көздеген мақалаларды жиi оқи бастадық. Ол мақалаларда екi түрлi саяси болжам басым айтылады. Бiрi — Парламент Мәжiлiсiнiң тағы да кезектен тыс таратылу мүмкiндiгi. Бұл 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткелi отырған елiмiздiң аталған халықаралық ұйым нормаларына жауап беруi үшiн Мәжiлiсте пiкiр алуандығының болуын қамтамасыз ету, оның тым құрыса қос партиядан жасақталу қажеттiгiнен туындаса керек. 14-наурызда "Dialog.kz" сайтында жарияланған Макс Иволгиннiң "Кто наТАСкивает Б. Абилова?" атты мақаласында "Оппозицияның аяқасты белсендiлiк танытып, халық алдында ұпай жинауға көшкенiне қарағанда, Парламенттiң мерзiмiнен бұрын таратылу мүмкiндiгi де жоққа шығарылмайды. Егер, бiздiң божамымыз дұрыс шығатын болса, Мәжiлiсте "Нұр Отан" партиясына қай партияның балама болатындығы да айқындалып қалды" делiнген аталған мақалада.

Оппозициялық басылымдар алдын ала бал ашып, 2012 жылғы президент сайлауына үмiткерлердiң кiмдер болатындығын түгендей бастады. Солардың бiрi және бiрегейi, оппозициялық лагерьдiң өкiлi — Болат Әбiлов болады-мыс. Бұған дейiн келесi президенттiктен үмiткерлер қатарында Иманғали Тасмағамбетовтiң аты бiрiншi аталушы едi. Б. Әбiловтiң аяқасты оған шүйлiгуiнiң себебi де осында болса керек. Жолдан өзiнiң мықты қарсыласын тайдыру және халық алдында ұпай жинау делiнген ол мақалаларда. Мәселен, 3-наурызда "Dialog.kz" сайтында Рауан Маликов, Тимур Исахановтардың "Азат" и Бутя-Харизмат" атты мақаласы басылды. Дәл осы мақалада Болат Әбiловтiң қала әкiмiне шүйлiгуiнiң себептерiне үңiлген алғашқы болжамдар айтылады. Мақала авторлары Болат Әбiлов 2012 жылғы президент сайлауына бiрден-бiр тақ мұрагерi есептелетiн күштi тұлғаны жолдан тайдыру үшiн оған алғашқы шабуылдарын жасай бастады делiнген онда. Дәл осы ой 3-наурызда оппозициялық "geo.kz" сайтындағы Бейбарс Әлжановтың "Лидером чего стал Булат Абилов? Или, появится ли Настоящий Азат?" атты мақаласында да, "Республика" газетiнiң 7-наурыздағы "Зачем Абилову ссориться с Тасмагамбетовым" атты Нұрахмет Кенжеевтiң мақаласында да айтылады. Бiрiншiсiнде, "Таким образом, полагаю, что если Булат Абилов, как единоличный лидер партии "Азат" в 2012 году выдвинет свою кандидатуру в президенты РК, то тем самым, во-первых, оппозиционные кандидаты вновь перегрызутся между собой (Булат Абилов, Жармахан Туякбай и Алихан Байменов. От остальных кандидатов можно будет абстрагироваться!) Во-вторых, тем самым, а точнее, всей своей предшествующей очередным президентским выборам идеологически-пропагандистской работой Булат Абилов будет максимально ослаблять позицию возможного реального претендента в президенты РК, который к тому времени может оказаться в оппозиции" делiнсе, екiншiсiнде, "Очевидно, что ликвидация "троецарствия" в "Нагыз Ак жоле", то бишь теперь "Азате", связана в первую очередь с желанием Булата Мукишевича баллотироваться в президенты в 2012 году (или раньше, если выпадет удобный случай). А поскольку аким Алматы давно ходит в основных кандидатах на пост главы государства после Назарбаева, то наездом на него оппозиционный политик убивает разом двух зайцев: наносит ущерб имиджу последнего и начинает свою предвыборную кампанию в роли защитника интересов народа" делiнген. Яғни, 2012 жылғы президент сайлауына үмiткерлердiң тiзiмi бүгiннен бастап жасала бастады. Жоғарыда аталған Макс Иволгиннiң "Кто наТАСкивает Б. Абилова?" атты мақаласында "Бұл акцияның мақсаты — Тақ мұрагерiне шабуыл жасау. Болат Әбiловтiң өзi бұл жағдайда публикаға қызмет етiп отырған жоқ. Оның мақалалары И. Тасмағамбетовке қарсы уәждерге салмақ қосу үшiн керек" делiнген онда. Болат Әбiлов сарапшылардың бұл пiкiрiн жоққа шығаратын уәждер айта қойған жоқ. Соған қарағанда айтылып жатқан болжамдардың бекер еместiгi байқалады. "Новая газета в Казахстане" газетiнде Галина Дырдинамен Болат Әбiловтiң сұхбаты жарияланды. Сұхбат "Претендовать на пост президента — экзотично" деп аталады. Тiлшiнiң осыған байланысты қойған сауалына Б. Әбiлов "Тiрi болсақ, көрермiз" деген екiұшты ой айтқан екен.

Яғни, алдағы сайлауда прзеидентке үмiткерлердiң арасынан Б. Әбiловтi көрiп қалуымыз бек мүмкiн. Алайда, оның президент тағын иемдене қоюы неғайбыл. Әзiрге Б. Әбiлов саяси тұлға ретiнде қалыптаса қойған жоқ. Жұрт оны тек бизнесмен ретiнде жақсы таниды.

Сарапшылар Б. Әбiловтiң "Азат" атын иемденуiн де бекерден-бекер деп отырған жоқ. Бұған дейiн оппозиция алаңында Жармахан Тұяқбай озып тұрған едi. "Отан" партиясының төрағалығынан оппозиционер болып шыға келген одан елдiң бiрдеңе дәметкенi де рас. Бiрақ, оппозиционер болғалы 3 рет сайлауды басынан кешiрген ол оңбай жеңiлдi. Бұқара-халықты соңынан ертiп кете алмайтындығын көрсеттi. Ж. Тұяқбай ұлт-патриоттарының қолдауына ие бола алмай осалдығын танытып алды. Бұны Ж. Тұяқбайдың президенттiк сайалуалды кампаниясы кезiнде "Эхо Москвы" радиосына берген сұхбаты мен телесайыстардан кейiнгi "31 канал" телеарнасының журналисiне берген сұхбатынан байқауға болады. Екiншiсiнде, телесайыста қазақша сөйлеген Ж. Тұяқбайды кiнәлаған журналистiң ықпалынан шыға алмай, "Иә, қазақша сөйлегенiм қателiк болды" деген едi. Сөйтiп, Ж. Тұяқбайдан қазақтiлдi электораттың көңiлi қалды. Сол себептi де Б. Әбiловтiң өткен ғасырдың 90-шы жылдарының басында халықтың жаппай қолдауына ие болған "Азат" брендiн иемденуiнен астар iздеп жатқандар бар. Тағы сол "Dialog.kz" сайтында Алексей Власовтың "Партийный бутик. Модели от АП РК" атты мақаласында "Сайып келгенде, Болат Әбiлов оппозицияның қаңырап тұрған орнын басып қана қойған жоқ. Сондай-ақ, қазақтiлдi сайлаушыға бейiмделген бағыт ұстануды да жөн деп отыр. Соңғы кездерi Жармахан Тұяқбай бастаған оппозицияның ЖСДП секiлдi жобалары идеологиясының тұмандығынан және ұйымдастырушылық базасының кемшiндiгiнен жеңiлiске ұшырап келгенi белгiлi. Ал, Б. Әбiловтiң бұндай қадамға баруы жеңiске барар тура жолды таңдап алғандай әсер етедi" дейдi. Оның үстiне Б. Әбiлов партия съезiнде қазақша сөйледi. Бұл оппозициялық та, билiктi жақтаушы да лидерлердiң бұған дейiн айналып өтiп келген жолы. Б. Әбiлов елдегi осы бiр олқылықтың орнын толтыруды мақсат тұтып отыр. Сөйтiп, бұған дейiнгi әрiптестерiнiң соқпағынан жаңылды. Бұның өзi қоғамда қазақ құндылықтарының басым болып келе жатқанының айғағы болса керек. Ендiгi президентке үмiткерлер қазақ мәселесiне жаңаша көзқарас танытпаса, елдiң қазақ мемлекетi екенiн сезiнбесе халық қолдауына ие бола алмай қалатындығын түсiнуi қажет. Жасарал Қуанышәлi жаңа "Азаттың" құрамынан шығуының тағы бiр себебiн оның төрағасының орынбасары ретiнде Петр Своиктiң келгендiгiнен iздейдi. Оның айтуынша, Петр Своик бұрынғы "Азаттың" басты қарсыласы болып келген әрi сепаратистiк бағыттағы қадамдарға дейiн барған дей отырып, ол оның Оралдағы казак оқиғасына қатысы барлығын көрсетiптi. Егер, Петр Своик бұған дейiнгi ұстанып келген көзқарасын түбiрiмен өзгертпесе, оның партия құрамында ұлттың сөзiн сөйлей қоюы екiталай болар. Бұл Б. Әбiловтiң қазақтық ұстанымына көлеңке түсiруi де бек мүмкiн.

Билiк Б. Әбiловтiң жаңа партия құру жөнiндегi идеясын қолдап отыр деген де қауесет бар. Алексей Власовтың жоғарыдағы мақаласы "Президент әкiмшiлiгiнiң моделi" деп аты айтып тұрғандай, осындай ойларға жол берiптi. "Сонымен қатар, Б. Әбiловтiң жобасына алдағы жаңа сайлау науқанында, сондай-ақ, 2012 жылғы президент сайлауында "Нұр Отан" партиясы үшiн қолайлы әрiптес жасау мақсатында Президент әкiмшiлiгi бата бердi деген ақпарат та таратылды. Сол себептi де, ЕҚЫҰ-ның қатаң талаптарына жауап берiп, қос партиялық жүйенi таңдайтын болса, Б. Әбiлов таптырмайтын үмiткер болар едi. Оппозициялық басқа тұлғалар бұл кезде ойыннан шығып қалады" дейдi автор. Яғни, 2010 жылы ЕҚЫҰ-ға төрағалық еткелi отырған Қазақстан оның талаптарына жауап беру үшiн қос партиялық жүйенi таңдауы қажет. Бұған дейiн билiктiң "Нұр Отан" партиясымен дәргейi тең келетiн оппозициялық ұйымның болмағаны тағы да белгiлi.

Ендеше, 2012 жылғы сайлауда билiкке балама болатын оппозициялық партияның бiрi әрi бiрегейi осы – "Азат" болуы керек. Б. Әбiловке "Азат" атауын ұсынған да президент әкiмшiлiгi болуы мүмкiндiгiн сарапшылар да жоққа шығармайды. Өйткенi, бұл атау жергiлiктi халықтың iште жатқан арманының шамшырағы iспеттi. Халықтың оны қолдай кетуi де ғажап емес. Кейбiр бiлгiштердiң пiкiрiне үңiлсек, билiк бiрiн-бiрi қолдаушы ұлт-патриоттарының қозғалысы мен оппозициялық партия лидерлерiн өзара қырқыстырып қою үшiн де осындай қадамдар жасап жатқанға ұқсайды.

Қалай дегенмен де, жаңа құрылған партияның әлi Әдiлет министрлiгiнде тiркеуден өтпей жатып, дауы көбейiп кеттi. Ал, оның серкесi келесi президенттiктi көздеп жүргендiгi айқын болды. Президент кiм болса да, ол ұлттың ұлағатын көздейтiн, елдiң мүддесi үшiн неден болса да тайынбайтын тұлға болуы керек. Әзiрге бiздiң қоғам сондай тұлғаға зәру сынды. 2012 жылға дейiн бiраз уақыт бар. Бақандай 4 жыл. Бiрақ, сынаптай сырғыған уақыттың көздi ашып-жұмғанша өте шығатындығы тағы бар. Оған дейiн келесi президенттiктен дәмесi бар саясаткерлер өздерiн көрсетiп қалуы керек. Саяси брендiн қалыптастыру үшiн саясатта кемiнде 5 жыл өмiр сүруi керек. Демек, президент тағынан үмiткерлердiң қазiрден бастап қимылдап, саяси технологтардың олардың тiзiмiн жасап жатуында ешқандай сөлекеттiк жоқ. Оған дейiн бәлкiм тағы бiр болжам, Мәжiлiстiң кезектен тыс сайлауы жүзеге асуы да мүмкiн.

Есенгүл Кәпқызы