ТАРАУИХТЫҢ САУАБЫ

ТАРАУИХТЫҢ САУАБЫ

ТАРАУИХТЫҢ САУАБЫ
ашық дереккөзі

Ораза – Аллаһ Тағала мен құлы арасындағы таңғажайып сыр. Қасиетті Рамазан айының теңдесі жоқ хикметі: күндерінде – Алла ризалығы үшін ораза ұстасақ, түндерінде қасиетті Құранды және тарауих намазын оқимыз.

Рамазан айындағы тарауих намазының сауабын сұраған Әбумүтәліпұлы Әлиге Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) бір айлық оразадағы тарауих намазының артықшылығын былай баяндаған: 1-түнінде – барлық күнәлары кешіріледі. 2-түнінде – әке-шешесінің (мұсылман болса) күнәсін кешіреді. 3-түнінде – періштелер сіздің күнәңіз үшін Алладан кешірім сұрайды. 4-түнінде – Тәурат, Інжіл, Забур, Құран оқып хатым еткендердің сауабын алады. 5-түнінде – әл-Харам және Ақса мешіттерінде намаз оқығанның сауабын алады. 6-түнінде – Бәйтуллаһты тауап еткеннің сауабы беріледі. 7-түнінде – Мұса (а.с.) дәуірінде бірге болып, Хаман, Перғауындарға қарсы тұрғандардың сауабын алады. 8-түнінде – Ибраһимге (а.с.) берген нығмет-сыйлықтарды арнайды. 9-түнінде – Пайғамбарлар ғибадатының сауабын береді. 10-түнінде – дүниеде д, ахиретте де жақсы ырысқа бөлейді. 11-түнінде – анадан енді туғандай тазарады. 12-түнінде – ахиретте бейне бір толған айдай жүзі нұрланады. 13-түнінде – қиямет қиындықтарынан аман болады. 14-түнінде – қиямет күнінде періштелер «тарауих намазын оқыған кісі» деп, Алла Тағалаға куәлік беріп, есебін жеңілдетуін тілейді. 15-түнінде – Ғаршы мен Күрсіні көтеріп тұрған періштелер сауабын арнайды. 16-түнінде – ол адам үшін тозақтан құтылып, пейішке кірер күәлік жазылар. 17-түнінде – Құранда айтылған пайғамбарлар сауабын арнайды. 18-түнінде – «Ей, Алланың құлы, ақиқатында Алла Сізге және ата-анаңызға разы болды!» – деп періштелер шақырып дауыстайды. 19-түнінде – дәрежеңізді Алла Фердаус жәннатына көтереді. 20-түнінде – шейіттер мен ізгі құлдарының сауабын арнайды. 21-түнінде – пейіштегі нұрдан жаратылған сауап береді. 22-түнінде – ахиреттің әр қилы қайғы-қасіретінен құтқарады. 23-түнінде – пейіштен көркем қала береді. 24-түнінде – Алла оның 24 дұға-тілегін қабыл етеді. 25-түнінде – қабір азабынан құтқарады. 26-түнінде – ол адам үшін 40 жылдың сауабын арнайды. 27-түнінде – Сират көпірінен найзағай жарқылындай жылдам өткізеді. 28-түнінде – Алла оның пейіштегі дәрежесін 1000 мәрте көтереді. 29-түнінде – Алла ол адамға қабыл етілген мың қажының сауабын береді. 30-түнінде – Алла Тағала құлдарына пейіш жемістерінен, кәусар бұлағынан дәм таттырып, тіл қатады.  
Әзірлеген Күлпара ЖҰМАҒАЛИ