БIЛIМ БЕРУДIҢ ЖАHАНДЫҚ ЖАҢА ҮЛГIСI

БIЛIМ БЕРУДIҢ ЖАHАНДЫҚ ЖАҢА ҮЛГIСI

БIЛIМ БЕРУДIҢ ЖАHАНДЫҚ ЖАҢА ҮЛГIСI
ашық дереккөзі

Әлемдiк жаһандану үрдiсiнiң басты бiр бағыты – ғылым мен бiлiм саласының жалпыға ортақ жүйесiн қалыптастыру болмақ. Өйткенi, бүгiнгi күнi аса қарқынмен дамып отырған ғылыми-техникалық дәуiрде экономикалық, ғылыми, мәдени байланыстарды орнату – бәсекеге қабiлеттi бiлiмдi маман дайындаудың алғышарты. Күнделiктi тiршiлiктегi кәдiмгi компьютерден бастап, ғарыштық күрделi техникалық жабдықтарды игеру үшiн де ең бiрiншi ақпараттық мағлұматтар керек. Бұл мәселе жалпы адамзатқа ортақ әрi жалпыға бiрдей сыпат алып отырғандықтан да, осы орайда туындайтын түйткiлдер мен күрделi күрмеулердi нано технологияны пайдаланатын барлық ұлт пен ұлыс бiрлесе отырып шешуi тиiс

Ал сол ақпараттық бiлiм жүйесi бiр елде iлгерiлеп, бiр елде кенже қалатын болса, ғылымның алдына қойып отырған шешуге тиiстi мәселелердi бiрi бiлiп, бiрi бiлмей отырса, онда кенже ұлттың ғылыми ойлау жүйесi уақыт өткен сайын кенжелей беретiн болады. Бұл мәселе – әсiресе, дамудың жаңа сатысына ендi бет бұрып, әлемдiк өркениеттiң көшiне iлесе бастаған тәуелсiз мемлекетiмiз үшiн әлемдiк жалпыға ортақ проблемалармен дербес айналыса алатын, ғылыми түрде мәселе қоя алатын және оның шешiлуiне тiкелей атсалыса алатын бәсекеге қабiлеттi мамандарды дайындауда ерекше маңызға ие. Қазақстанның бiлiм жүйесiнiң бакалаврлық, магистранттық, пейдж докторлық жаңа бағдарламаға көшуiне байланысты жаһандық үрдiстi ұстана отырып, оны тiкелей пайдалану тәжiрибесiмен танысу iзденушiлердi нақты iспен етене айналысуға жетелейдi.

Әлемдегi бiлiм деңгейiн теңгере дамытып, жалпыға ортақ ғаламдық мәселелермен iзденушiлердi таныстырып, оларды ортақ мақсатқа жүгiндiру үшiн дүние жүзi бойынща үздiк ондыққа кiретiн Колумбия университетiнде 2008 жылы 22 қаңтарда «Global Classroom» атты интерактивтi бiлiм беру бағдарламасы жасалған болатын. Оның басты мақсаты – алдағы уақытта төрткүл дүниенiң алдына үлкен мәселе болып қойылатын, болашақ ғалымдар мiндеттi түрде шешуге тиiстi, бiрақ дәл қазiргi күнде жалпыға ортақ үрдiске айнала қоймаған, белгiлi бiр саланың мамандарына ғана белгiлi мәселе туралы сол саламен тiкелей айналысқан аса көрнектi тұлғалар «Global Classroom» жүйесi арқылы жоғары оқу орындарының оқытушылары мен докторанттарына, магистранттарына белгiлi бiр тақырыпта интернет жүйесi арқылы тiкелей дәрiс оқиды. «Тұрақты дамудың тәжiрибелiк әдiстер кешенi» деген тақырыппен жүргiзiлетiн «Global Classroom» бағдарламасының дәрiстерi Нью-Йорк қаласындағы Колумбия университетiнiң аудиториясынан бүкiл әлемге оқылады. Бiр семестрде 14 дәрiс өткiзедi. Оған дүние жүзiне аты белгiлi адамдар қатысады. Мысалы, оның дәрiстерiн Ирландияның бұрынғы президентi Мэри Робинсон, Колумбия университетiнiң жанындағы Жер институтының директоры, Гарвард тарихындағы ең жас экономика профессоры Джефрии Сакс, «Open Society» қауымдастығының вице президентi, сонымен қатар «Soros Economic Development» қорының президентi Стюарт Паперин сияқты әр саланың аса көрнектi тұлғалары оқиды. Дәрiс интернет арқылы тiкелей жүргiзiледi. Сондықтан да дәрiс тыңдаушы әр адам оған тiкелей сұрақ қойып, пiкiр бiлдiре алады. Қазiр бұл қауымдастыққа әлемнiң әр түкпiрiндегi 20 дан аса iрi университет мүше болып кiрiп отыр.Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрi Б. Жұмағұлов Колумбия университетiне барғанда, «Global Classroom» бағдарламасымен танысады. Дәрiске жер шарының түкпiр-түкпiрiнен қатысып отырған 23 университеттi көрiп, бiлiм беру жүйесiнде жаңа технологиялардың беретiн мүмкiндiктерiн айқындап, экран жанына барып 24– университет ҚазҰУ болатынын айтты. ҚазҰУ қабырғасында Бахытжан Тұрсынұлының жоспарын қазiргi ректор, жаңа технологияларды жетiк бiлетiн маман Ғ.Мұтанов iске асырды. Бағдарламаны жүзеге асыру үшiн қажеттi жаңа техника алынып, 2011 жылдың қыркүйек айынан бастап «Global Classroom» интерактивтi бiлiм беру бағдарламасының жүйесiне ТМД елдерiнiң iшiнде бiрiншi болып, Қазақстандағы қара шаңырақ – Әл Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетi қосылды. Бұл бастаудың басында жүрген – Ғалия Жүнiсқызы Ыбраева.

Қазақстанда жүргiзiлiп жатқан «Global Classroom» жетекшiсi – Колумбия университетiнiң PhD профессоры Рафис Абазов. «Онлайн» байланысқа негiзделген бұл озық технологиялық тұғырнаманың iске қосылуының нәтижесiнде университеттiң жас ғалымдары әлемдiк аренаға тiкелей жолдама алды. Өйткенi дәрiс өткiзушi тұлғамен қоса осы қауымдастыққа мүше университеттердiң дәрiс тың­даушылары бiрiн бiрi көрiп отырады. Лекция жүргiзушiге берiлген сұрақтар мен пiкiрлер бәсеке арқылы iрiктелiп барып жалпыға ұсынылады.Мұның өзi әр университеттегi iзденушiлердiң бiр бiрiмен ой бөлiсуiне, ағылшын тiлiнде ойын еркiн жеткiзуге, ақпарат алмасуға, дәрiс берушiмен тiкелей сұқбаттасуға мүмкiндiк бередi. Осы ретте бiздiң ұлттық университеттiң жас магистранттары мен докторанттары мұндай үлкен ортаға ендi ғана қатыса бастағанына қарамастан, өздерiнiң ойлы пiкiрлерiмен назар аударып, қазақстандық бiлiм деңгейiнiң бәсекеге қабiлеттi бағытқа бейiмделе бастағанын көрсеттi.

Болашақта ҚазҰУ арқылы Қа­зақ­­станның басқа да жоғары оқу орындары­ның жас ғалымдары жаһандық тақырыптарды қозғайтын, интерактивтi дәрiстерге қатысып, шет елдiк әрiптестерiмен байланыстары нығая түседi деген жоспар орындалады деп үмiттенемiз.

27.10.2011

Назым ЖҰРТБАЙ