«МҰСТАФА ШОҚАЙ ЖОЛЫМЕН»

«МҰСТАФА ШОҚАЙ ЖОЛЫМЕН»

«МҰСТАФА ШОҚАЙ ЖОЛЫМЕН»
ашық дереккөзі
913

Бүгiн Алматы қаласының әкiмдiгi Тәуелсiздiктiң 20 жылдығына орай ақын, Алаш сыйлығының иегерi Қасымхан Бегмановтың түркi халықтарының азаттығы жолында бүкiл өмiрiн сарп еткен аса көрнектi қайраткер Мұстафа Шоқай туралы түсiрiлген деректi фильмiн көрермендер назарына ұсынады. Фильм «Мұстафа Шоқай жолымен» деп аталынған.

Ақын осыдан бiрнеше жыл бұрын «Мұстафа Шоқай жолымен» атты экспедиция ұйымдастырып, қайраткердiң туып өскен жерi Қызылорда облысының Шиелi ауданындағы Наршоқы қыстауынан бастап, оқып бiлiм алған, саяси өмiрге араласқан Санкт-Петербург, өзi билiк басында болған Қоқан қаласы мен Самарқан, Ташкент, Ферғанаға барып, ол жүрген тарихи орындармен танысты. Экспедиция одан әрi шетел асып, Кавказ өңiрiндегi Баку, Тбилиси, Кутаиси, Батуми арқылы Стамбұлда сапарын жалғастырған. Экспедиция одан әрi Париж, Фонтенбло, Шель қалаларына табан тiредi. Шель – Шоқайдың әйелi Мариямның өмiрден озған қаласы. Мұстафа Шоқайдың екiншi дүниежүзiлiк соғыста жасаған батылдығы, тұтқынға түскен түркi халқының азаматтарын концлагерьдегi адам төзгiсiз жағдайда ұстап, барынша азаптағаны туралы Гитлерге хат жазып, өркениетке жат қылықтарын қатты сынаған. Мұстафаның сол хатынан кейiн фашистер концлагердегi түркi азаматтарына бiршама жеңiлдiктер жасаған. Оның бастамасымен «Түркiстан легионын» құруға мәжбүр болды. Бiрақ Мұстафаның сол легионды басқаруға өмiрi жетпедi. Осы күнге дейiн белгiсiз қастандықтан мәңгiлiкке көз жұмды. Оның мәйiтi Берлин қаласындағы зиратханаға жерлендi. Экспедиция мүшелерi оның зираты басында болып, әруағына Құран бағыштап, тағзым еттi. Деректi фильм негiзiнен сол экспедиция материалдарынан алынып жасалынған.

К.АДЫРБЕКҰЛЫ

Серіктес жаңалықтары