ҚАЗАҚ БОКСЫ ЖАҢА ЕСIММЕН ТОЛЫҚТЫ

ҚАЗАҚ БОКСЫ ЖАҢА ЕСIММЕН ТОЛЫҚТЫ

ҚАЗАҚ БОКСЫ ЖАҢА ЕСIММЕН ТОЛЫҚТЫ
ашық дереккөзі
275

2008 жылы Бейжiң олимпиадасында қола жүлдеге қол жеткiзген боксер, қытайлық қандасымыз Қанат Сiләмұлы биыл Алматыға оралды. Мұнда келiсiмен бiрден "Астана арландары" командасына енiп, кореялық боксердi нокаутқа жiберген оның ендiгi арманы келесi жылы өтетiн Лондон олимпиадасында жарқылдап көзге түсу, қазақтың намысын қорғау. Қанат Сiләмұлының Қазақстанға оралуына қолұшын берген Қазақ боксерлар қауымдастығының төрағасы, Жер-су компаниясының президентi Бауыржан Оспанов.

Қанаттың айтуынша, ол жақында алматылық аруға үйленген, анасы және ағасымен бiрге Алматы облысы Талғар ауданының Бәйтерек ауылында тұрады. Қазақстан азаматтығына құжаттарын өткiзiп қойған, Құдай бұйырса, жақын арада қолға тимек. Бiрақ ол соған қарамастан ел құрамасына енiп, алғашқы жеңiстерiн сыйлап үлгердi. Қазiр Бакуде "Астана арландары" командасымен өнер көрсетуде.

Серіктес жаңалықтары