ҒАРЫШҚА БӨЛIНГЕН ҚАРАЖАТ ҚАЙДА?

ҒАРЫШҚА БӨЛIНГЕН ҚАРАЖАТ ҚАЙДА?

ҒАРЫШҚА БӨЛIНГЕН ҚАРАЖАТ ҚАЙДА?
ашық дереккөзі
226

Өзге елдер отандық ғарышты дамыту үшiн күн-түн демей еңбек етiп жатса, бiз керiсiнше рәсуа қылуды ермек етiп отырмыз. Қазақстанның ғарыштық жобаларға үкiметтен бөлiнiп отырған қаражаты орынсыз пайдаланып келген, тiптi кейбiр салалар бойынша белгiленген бағытта жұмсалмаған екен. Ғарыш жобаларын iске асыруға бөлiнген мемлекет активтерi және республикалық бюджет қаражаты тиiмсiз пайдаланылуда дейдi Есеп комитетi.

Аталмыш комитеттiң айтуынша, ғарыш жобаларын, соның iшiнде Байқоңыр ғарыш айлағында "Бәйтерек" ғарыш зымыран кешенiн құру бағдарламасының 11 iс-шарасының 2007 жылы тек 9-ы ғана (80 пайыз) ұйымдастырылған. Сондай-ақ, 2009 жылға жоспарланған шаралардың 75 пайызы ғана iске асырылған. Яғни, қаражат мерзiмiнде игерiлмегенiн көруге болады.

"KazSat-2" спутнигiн ұшыру мерзiмi 2009 жылдың желтоқсанынан 2010 жылдың желтоқсанына ауыстырылуына байланысты, 2 млрд.-тан астам теңге игерiлмей қалған. Сонымен бiрге бақылау кезеңiнде "KazSat-1" байланыс және хабарлау спутнигi бойынша сақтандыру сомасы 7 млрд.-тан астам теңге болатын сақтандыруды өндiрiп алудың қамтамасыз етiлмегенi анықталды.

"Ғарыш жобаларының техникалық-экономикалық негiздемелерi сапасыз жасалған. Мәселен, iске қосу алаңында ұшыру кешенiн салу және техникалық кешендi пайдалану жөнiнде экономикалық тұрғыдан тиiмсiз қате шешiм қабылданған", – деп белгiледi Есеп комитетi. Есесiне, аталмыш мекемелердiң әкiмшiлiк шығындары арта түскен.

Ағымдағы жылы Ресей премьер-министрi В.Путин отандық ғарыш саласына 67 миллиард рубль бөлiнгенiн хабарлаған едi. Мұндай көп қаражаттың не үшiн қажет екенi белгiлi. Себебi, державаның ғарыштық мүмкiндiктерi артқан сайын, қондыру-ұшыру айлақтары жетiспеуде. Алайда, Қазақстан тарапы да бұл жөнiнде аянып қалған емес. Қажетiнше бюджеттен арнайы қаражат қарастырады, ал орындау мекемелерi бет-албаты жұмсауға жол бередi немесе қол сұғуға барады. Тiптi, қамба түбiнде жұмсалмай сарғайған қаражатекi-үш жылға дейiн қала берген. Ал, ғарышты дамыту, елiмiздiң байланыс аппаратын ұшыруды алға қойып, аттан салып отырсақ та, қаржыны жұмсаудағы немқұрайдылықаяқтан шалып отыр.

Ақниет ОСПАНБАЙ

Серіктес жаңалықтары