"САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА" ОТАНДЫҚ ЭКОНОМИКАҒА СЕРПIН БЕРIП ОТЫР

"САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА" ОТАНДЫҚ ЭКОНОМИКАҒА СЕРПIН БЕРIП ОТЫР

"САМҰРЫҚ-ҚАЗЫНА" ОТАНДЫҚ ЭКОНОМИКАҒА СЕРПIН БЕРIП ОТЫР
ашық дереккөзі
389

"Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры алдағы 5 жыл iшiнде 24,4 млрд. АҚШ долларына теңесетiн 40-қа жуық инвестициялық және инфрақұрылымдық жобаларға инвестиция cалуды көздеп отыр. Мұның нәтижесiнде сол жобалардың құрылысы кезiнде 45 мың адамға жұмыс берiлсе, ендi сол ауқымды жобалар жүзеге асырылған кезде тағы да 10 мың адам тұрақты жұмыспен қамтамасыз етiлмек. Әуелгi кезекте елiмiздiң әлеуметтiк жағдайы мен экономикалық ахуалын көтеруге арналған нақты жобаларды жүзеге асыру қажет деп табылды. Осы тұрғыда үдемелi индустриалды-инновациялық бағдарламаның аясында "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қоры 42 жоба, оның 21-i тiкелей Қордың қарамағында болса, қалған 21 жоба Қазақстан Даму банкiнiң қаржыландыруымен жүзеге асырылмақшы.

"Бiздiң негiзгi мақсатымыз – ел экономикасын тұрақтандырып, оны әртараптандыра отырып, өз құрамындағы компаниялардың өсiмiн арттырып, олардың корпоративтi басқарылуын жоғарғы дәрежеге жеткiзу" дейдi "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының басшылары. Бүгiнде шетелдiк инвестицияның көлемiн кеңейтетiн, инвестициялық жобалардың санын арттыратын, шикiзаттық емес секторды жандандыратын және отандық және шағын бизнестi көтеретiн нақ мезгiл туды. Ал, 2010-2014 жылдары инфрақұрылымдық және электр желiсi, химия, мұнай химиясы, металлургиялық инвестициялық жобаларға көптеп көңiл бөлiнбек. Жалпы, "Самұрық-Қазынаны" құру арқылы мемлекет жалпы құны 2-6 млрд.АҚШ доллары аралығындағы болашағы зор жобаларды қаржыландыруға мүмкiндiк алды. Оның үстiне Қазақстандағы инвестициялық ахуал кез келген шағын кәсiпкерлiктiң табанды түрде аянбай жұмыс iстеуiне, өнiм шығаруына сеп болып отыр.

Елбасы "Самұрық-Қазына" Қорына экономиканы модернизациялауға қатысты шаруалар атқару мақсатын жүктеген едi. Қор даму институттарының жұмысына Үкiмет бағдарламаларының жүзеге асырылуы тiкелей байланысты. Себебi, қазiргi күнi даму институттары, оның iшiнде Қазақстан Даму банкi индустриалды және инфрақұрылымдық жобалардың негiзгi қаржыландырушысы. Осыған байланысты компаниялардың басым бөлiгiнде шығындармен салыстырғанда, түсiмдер байқалуда. Демек, өткен жылғымен салыстырғанда, қаржылық жағдай едәуiр жақсарған.

"Самұрық-Қазына" Қазақстанда өткен инвестициялық саммиттер кезiнде инвесторлармен, шетелдiк компаниялармен тоғыз меморандумға қол қойды. Олар – шикiзаттағы мұнай мен газ саласын ғана емес, сонымен қатар жоғары технологиялық машина жасау саласын және мұнай-химиясын дамытуға септiгiн тигiзедi. Сөйтiп, үдемелi индустриалды-инновациялық даму стратегиясын жүзеге асыру жолында мемлекеттiк бағдарлама жобасын жүзеге асыруға кiрiскен "Самұрық-Қазына" ҰӘҚ дағдарыс операторынан стратегиялық оператор қызметiне көшiп отыр. Ауқымды әрi стратегиялық маңызы зор жобаларға мұрындық болу экономикамыз үшiн аса тиiмдi. Әсiресе, бұл кезде орта және шағын кәсiпкерлiктiң қосалқы түрде дамитыны айтпаса да түсiнiктi. Демек, "Самұрық-Қазына" ұлттық әл-ауқат қорының қатысуымен жүзге асырылатын жобалар мен құйылатын инвестициялар экономикамызды сауықтыруға әжептәуiр әсер ететiнi айдан анық.

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ Басқарма Төрағасы Қайрат Келiмбетов: Бiз сауатты макроэкономикалық саясаты бар, халықаралық нарықта жоғары сенiмге ие, жоғары технологияға бейiмделген iрi инвесторлардың елге келуiне көбiрек мән беремiз" дейдi.

"Самұрық-Қазына" ҰӘҚ бизнес үшiн жаңа нарықтық салалар аша отырып, ел экономикасының негiзгi салаларын инновациялық бағытта дамытудың бастамашысына айналды.

Серіктес жаңалықтары