КЕНДI ӨЛКЕДЕГI КЕЛЕЛI IСТЕР

КЕНДI ӨЛКЕДЕГI КЕЛЕЛI IСТЕР

КЕНДI ӨЛКЕДЕГI КЕЛЕЛI IСТЕР
ашық дереккөзі
173

Қарағанды облысында агроөнеркәсiп кешенi алдына Елбасы тарапынан қойылған мiндеттердi жүйелi атқару мақсатында көптеген шаралар жүзеге асырылуда. Облыстық экономика және бюджеттiк жоспарлау, ауылшаруашылық басқармалары, тағы да басқа мемлекеттiк органдар, бүкiл селолық аудан әкiмшiлiктерiнiң қатысуымен "2010-2012 жылдарға арналған ауылдық поселкелердi дамытудың үш жылдық бағдарламасы" жасалып, ол 2010 жылдың 4 мамырында облыс әкiмшiлiгi қаулысымен бекiтiлдi.

Бұл құжаттың тұжырымдамалық негiзi ретiнде мемлекеттiк инвестицияларды экономикалық жағынан жақсы дамыған селолық елдi мекендерге бағытттау жолы анықталды. Яғни мектеп, аурухана, мәдениет, спорт кешендерiн салуға, жол құрылысы, сумен және энергиямен қамтамасыз етудi дамытуға арналған бюджеттiк қаржылар, ең алдымен, тұрғындарының табыс деңгейi жоғары ауылдарға жiберу мiндетi қойылған. Әрбiр ауылда монша, наубайхана, мәдениет, спорт нысандары болуына ерекше көңiл бөлiнiп, ондай обьектiлер жоқ ауылдарға қаржылай көмек беру қарастырылған. Селолық аудан орталықтарында жол, қар тазалайтын коммуналдық техниканың болуына да баса назар аударылып отыр.

Нарық жағдайында қандай да мәселе ұранмен емес, нақтылы ұсыныс пен сұраныс заңдылықтары негiзiнде шешiлуi тиiс. Олай болса, ауылшаруашылық өнiмдерiн өз құнынан арзан бағаға сатқызу мүмкiн емес, мұндай жол шаруа қожалықтарының дағдарысқа ұшырауына алып келедi.

– Әкiмдердiң мiндетi – агроөнеркәсiп кешенi, шаруа қожалықтары мен қаладағы сатып алушылар арасында жүретiн алып-сатарлардың, делдалдардың өнiм бағасына әсерiн мейлiнше төмендетуге қол жеткiзу. Яғни өнiм бағасының өсуiне жол бермеу. Мұны қамтамасыз етудiң әртүрлi әдiстерi мен жолдары бар. Ауыл шаруашылық кешенi мен қаладағы өнеркәсiп орындары арасында тiкелей келiсiм шартқа отыру, мемлекеттiк азық-түлiк қорларын жасау, шаруалар өнiмiн тiкелей алып келiп сататын әлеуметтiк базарлар, дүкендер, сату қатарларын ашу, ұйымдастыру,– деп атап өттi Серiк Ахметов жақында журналистерге берген сұхбатында. – Әрине, бұл жерде мал, көкөнiс, астық өнiмдерiнiң өзара бәсекелестiк заңы шеңберiнде сатылатыны белгiлi. Демек, кiмнiң тауары сапалы, арзан, тартымды болса, сол өндiрушi жақсы нәтижеге қол жеткiзедi.

Бiзде бұл салада атқарылып жатқан жұмыс аз емес. Айталық, 2010 жылдың бiрiншi шiлдесiне дейiн, облыс ауылшаруашылық кешенiнiң 35 түрлi өнiмi 311,4 миллион теңгеге халыққа делдалсыз тiкелей арзан бағамен сату қамтамасыз етiлген. Ал агроөнеркәсiп тауарларының сапасы жоғары, бағасы төмен болу үшiн жаңа техника мен озық технология пайдаланылуы керек. Мiне, бұл бағытта әкiмдердiң жұмысы мемлекеттiк даму институттарын, банктердi, әртүрлi қорларды шаруаларға техника сатып алуға мүмкiндiк жасау үшiн кредит, грант бөлуге жұмылдыру қажет, – деп сабақтады ойын облыс әкiмi.

Аймақта жұмыс iстейтiн барлық iрiлi-ұсақты өнеркәсiп орындарымен аудандық, қалалық, поселкелiк әкiмшiлiктер әлеуметтiк мәселелердi шешуге арналған арнайы келiсiм шарт-меморандумға қол қою тәжiрибесi бар. Мұндай құжат өндiрiс орындарының әлеуметтiк жауапкершiлiктерiн арттыруға бағытталған.

Өнеркәсiптiң базалық салаларын дамыту тұжырымдамасы бизнестiк құрылым өкiлдерiмен және даму институттарымен бiрге жасауда. Осының нәтижесiнде инвестициялық жобаларды дамыту мен облыс инфрақұрылымын жақсарту және ресурстық әлеуетiн арттыруға бағытталған байланыстың күшейе түсуi қамтамасыз етiлдi.

Тұжырымдама шеңберiнде машина жасау саласы бойынша арнайы жоспар құрылды. Оның мақсаты – өнеркәсiптiң осы бiр саласын қайта қалпына келтiру, оның өнiмдерiнiң үлесiн технологиялық негiзде жаңарту, еңбек өнiмдiлiгiн арттыру есебiнен еселей түсу. Осыған байланысты, 2014 жылға қарай жалпы қосымша құнды 78 пайызға көбейту және машина жасау саласында жұмыс iстейтiн әрбiр адам үшiн еңбек өнiмдiлiгiн 59 пайызға арттыруға қол жеткiзу көзделiп отыр.

Кеңестiк кезеңде бiр ғана облыс орталығында Қарағанды кен машиналары бiрлестiгi ( оның құрамында Жаңа Қарағанды, №1, Пархоменко атындағы зауыттар болатын), жылыту жабдықтары, металл конструкциялары, санитарлық-техникалық бұйымдар, кен-шахта жабдықтарын жөндеу (РГШО), кен-транспорт жабдықтарын жөндеу (РГТО), электр-техникалық бұйымдар, энергия жөндеу, энергия зауыттары сияқты осы саланың iргелi кәсiпорындары болушы едi. Олардың негiзi сақталып қалды. Машина жасау саласын қалпына келтiрiп, заман ағымына сай қайта құру облыстағы стратегиялық жоспардың басты тармағы. Өңiрдегi машина жасау зауыттары, аймақтық ғылыми мекемелер Технопарк базасында "Қарағанды машина жасау консорциумына" бiрiктiрiлдi. Алдымен консорциумға 7 машина жасау заводы кiрген болса, бүгiнде олардың саны 18-ге жеттi. Бұл құрылымның таяу болашақтағы мiндетi – машина жасау саласы кәсiпорындары мүмкiндiктерiн бiр бағытқа шоғырландыру, өндiрiс кооперациясымен қатар, сауда саясатын қамтамасыз ету, саланың жүйелi жұмысын ұйымдастыру, аймақтық техникалық паркты жаңартуды жүзеге асыру.

Сонымен қатар, "АрселорМиттал Темiртау" компаниясы тарапынан да "Бiрлескен машина жасау зауыты" ұйымдастырылды. Оның құрамына кен машиналар зауыты, стандартты емес құрал жабдықтар мен шағын механикаландыру, кен-транспорт құрал-жабдықтарын жөндеу және энергия зауыттары кiрдi.

Консорциумда жұмыстар негiзiнен екi бағытта атқарылады. Бiрiншiсi, кен-шахта-құрал жабдықтарын шығаруды қолға алу. Екiншiсi, коммуналдық және ауылшаруашылық техникасына арналған аспалы құрал-жабдықтар өндiрiсi.

Биылғы жылдың наурыз айында Семей машина жинау зауытымен МТЗ-82. тракторына аспалы құрал-жабдықтар шығару туралы меморандумға қол қойылған. Атап өту керек, консорциум шығаратын аспалы құрал-жабдықтардың құны басқа жақтан сатып алынатын осындай өнiмдерден 7-11 пайызға арзан болады.

Кен-шахта жабдықтарын шығаруда Польша машина жасау саласының өкiлi – "Глиник" фирмасымен бiрiгiп "АрселорМиттал Темiртау" компаниясы көмiр шахталары үшiн модернизацияланған тiреулер шығаруды қолға алды. Аталған жабдықтарды өндiруде Қарағанды машина жасау зауыттарының қатысу үлесi 50 пайыздан кем болмайды.

Айта кететiн тағы бiр ерекшелiк, "АрселорМиттал Темiртау" компаниясын мамандандыру барысында "Бiрлескен машина жасау зауытының" қызметi кен-шахта және металлургиялық құрал-жабдықтарды шығару және жөндеу, машина жасау өндiрiсiнiң толық циклiмен жұмыс жасауға бағытталады. Консорциум бұл жөнiнде оларға көмектесетiн болады. Оған қоса консорциум көтеру-көлiк құралдарын, оның iшiнде жүк лифтiлерiн, энергетикалық және көлiктiк құрал-жабдықтарды, сондай-ақ балама жылу беру агрегаттарын шығарумен айналысады.

Облыстағы шағын және орта бизнестi мемлекеттiк "Бизнестiң жол картасы -2020" бағдарламасы негiзiнде дамыту аса белсендiлiкпен қолға алынып отыр. Елбасы тапсырмасын орындау мақсатында, iрi өндiрiс орындары мен компаниялары айналасында шағын және орта бизнес кәсiпорындары, кәсiпкерлiк өндiрiс орындарының тұтас жүйесiн жасау қолға алынуда. Бұл шара тек қазақстандық үлестi байытып қана қоймай, оның аймақ экономикасының өнеркәсiп саласындағы үлесiн артыра түсуге мүмкiндiк бередi.

Болашаққа бағытталған жобалар басымдыққа ие болуда. Облыста халық тұтынатын өнiмдердi шығарудың көлемiн ұлғайта түсуге басым назар аударылуда.

Сөз жоқ, Арқадағы индустрияландыру шараларының негiзiн инвестициялық жобалар құрайды. Қазақстанды индустрияландыру картасына енгiзiлетiн жобалардың сапасына деген талаптың арта түсуiне орай аталмыш картаға жалпы құны 75 миллиард теңгеден асатын18 жоба енгiзiлдi. Бұл 2192 жұмыс орнын ашуға мүмкiндiк бередi. Солардың iшiнен "Қазақмыс" корпорациясының бөлiмшесi болып табылатын Қарағанды құю-машина жасау зауыты базасында БелАЗ автомобилiне қосалқы бөлшектер шығаратын және құрастыратын "КазБелАЗ" бiрлескен кәсiпорын, сондай-ақ өндiрiс орны жаңа технологияға негiзделген "Green Tehnology" жылыжайды ( аумағы 3 гектар жердi қамтитын) т.б атап өтуге болады. Аймақтық үйлестiру кеңесi аясында индустрияландыру картасын толықтыру әрi қарай жалғасын табады. Жалпы құны 29 миллиард теңгенi құрайтын 10 жоба осы жылдың аяғына дейiн iске қосылып, 737 жұмыс орны ашылады. Шiлде айының басында 6 жоба жүзеге асырылды.

Олар:

Бiрiншiсi,осы жылдың 28 мамырында Қазақстан метрология институтының "Газ қоспалары өндiрiстерi" жобасы "Азия Хайер" ЖШС кәсiпорнында iске қосылды Жобаның құны 155 млн. теңге. Жобаның өндiрiстiк қуаты жылына 3 мың дана баллон. Жобада газ қоспаларын градациялау, калибровкалау және газаналитикалық аспаптар мен газ бақылау аспаптарын сынау, сондай-ақ өндiрiсте еңбек қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету үшiн өнеркәсiптiң түрлi саласында қолданылатын өлшем әдiстемелерiн аттестациялау көзделедi. Жобаны жүзеге асыру барысында түпкiлiктi өнiм шығаруда қазақстандық үлестi ұдайы арттыру көзделiп отыр;

Екiншiсi, 2010 жылдың 18 маусымында Жаңаарқа ауданындағы "Жалын" кен орнында көмiр алу мен өңдеудiң жаңа өндiрiсi iске қосылды. "Жалын" кен орны күлдiлiгiнiң төмендiгiмен және оны жоғары сапалы кокс концентратын алу үшiн қолдануға болатындығымен ерекшеленiп отыр. Жоба көмiр алуға және көмiрдi қайта өңдеуге, түстi металдарды байытуға арналған, күкiрттi көмiртегiнi және жылына 2 млн. тонна көмiр алуға мүмкiндiк бередi. 190 жаңа жұмыс орны ашылды. Кен орны толықтай автоматтандырылған және жоғары өндiрiстiк кешендi қолдану арқылы гидравликалық экскаваторларды пайдаланып, ашық әдiспен игеру қарастырылған.

Үшiншiсi, 2010 жылдың 23 маусымында Шет ауданында "Bapi Mining" ЖШС-нiң "Темiр рудасын алу және қайта өңдеу" жобасы iске қосылды. Жоба жылына 1 млн. тонна темiр концентратын алуды қарастырады.

2010 жылдың 28 маусымында Елбасының қатысуымен өткен телекөпiрде Бұқар жырау ауданында "Kazterm" ЖШС-нiң болат панельдi радиаторлар өндiрiсi зауыты iске қосылды. Осы жобаны жүзеге асыруда 2008-2010 жылдары миллиард теңге көлемiнде қаржы игерiлдi. Бұл – 100 пайыз қазақстандық мазмұндағы өнiм, "АрселорМиттал Темiртау" АҚ-ның болаты пайдаланылады.

Сонымен бiрге, 2010 жылдың 25 маусымында Саран қаласында "Kazcentrelectroprovd" ЖШС-да полиэтилендi құбырларды шығару өндiрiсi iске қосылды. Шығарылған құбырларды телекоммуникация саласында, сондай-ақ шаруашылық-тұрмыстық мақсаттарда пайдалануға болады.

Екiншi жарты жылдықта жалпы сомасы 2 млрд.176 млн. теңге болатын 247 жұмыс орнын қамтамасыз ететiн 4 инвестициялық жоба iске қосылатын болады.

Аман ЖАНҒОЖИН,

Қарағанды облысы.

Серіктес жаңалықтары