ЕСКЕРТКIШТЕР «ХАН ШАТЫРЫНА» ҚОЙЫЛАДЫ

ЕСКЕРТКIШТЕР «ХАН ШАТЫРЫНА» ҚОЙЫЛАДЫ

ЕСКЕРТКIШТЕР «ХАН ШАТЫРЫНА» ҚОЙЫЛАДЫ
ашық дереккөзі
430

Қазақ хандығының негiзiн қалаған хандар Жәнiбек пен Керей ескерткiшiнiң айналасындағы қоғамды дүр сiлкiндiрген дау саябыр тапқан секiлдi болып едi. Айналасы бiр айдың iшiнде хандар мен Абайдың мүсiнiне бәйге жарияланып, оның қорытындысы да шығып үлгерiптi.

Байқауда бәйге алған Жәнiбек пен Керей ханға арналған ескерткiштердiң жобасы бiздiң ойымызша, былтырғы қарашада жарамсыз деп табылған ескерткiштерден тым асып тұрған жоқ. Ал, Абай ескерткiшi де қашанғы дағдысы бойынша басын төмен салбыратып қалыпты. Бұл ескерткiштер "Хан шатыры" аталатын ойын-cауық кешенiнен орын алатын болады. Мәлiметтерге қарағанда, байқауда жеңiмпаз деп танылған ескерткiштерге тағайындалған жүлде қоры 1 миллион теңге көлемiнде. Байқауға қатысқан 10 ескерткiштiң iшiнен Ринат Әбеновтiң жобасы таңдалып алынған. Қазылар алқасының құрамында 15-тей адам болған. Солардың iшiнде — тарихшы Қойшығара Салғара мен мүсiншi Мұрат Мансұров бар. Естерiңiзде болса, бұл екеуi де кезiнде Сембiғали Смағұловтың мүсiндерiн түкке тұрғысыз етiп сынаған адамдар. Бiрi: “тарихи этнографиялық жағынан сәйкес келмейдi” десе, екiншiсi: “бұл мүсiндердi өнер туындысы ретiнде қабылдау ұят” деген болатын.

Қазiргi жеңiмпаз деп табылған ескерткiштердiң жобасын да халықтың ұната қойғаны шамалы. Интернеттен көрiп, өз ой-пiкiрлерiн ортаға салған оқырмандардың пiкiрiне құлақ ассақ, аталған жобаларды ұнатушылардың саны тым аз.

Алдыңғы ескерткiштердiң халықты бiр дүрлiктiрiп басылғаны мәлiм. Тарихшылар мен сәулет өнерiнiң мамандары бұл ескерткiштердi iске алғысыз еткен болатын. Ал, бұл жолы асығыс-үсiгiс бiр айдың iшiнде байқау жариялап оның қорытындысын шығарып жiбергенiмiз жөн болмады. Әуелi мұндай тарихи туындыларымызға бәйге жариялағаннан кейiн, оны халықтың талқысына салу керек едi. Халық айтса, қалып айтпайды, жұрттың көңiлiне ұнап, сүзгiсiнен өткен туындылар ғана елдiң еңселi ескерткiшi болғаны жөн. Ал жекелеген адамдардың көркемдiк талғамы бүкiл жұрттың көкейiндегiсiн дөп басып айтып бере алмайтындығы дәлелдеудi қажет етпейтiн ақиқат.

Есенгүл Кәпқызы

Серіктес жаңалықтары