Перу елінде жардан құлаған автобустың 37 жолаушысы қаза тапты

/
Перу елінде жардан құлаған автобустың 37 жолаушысы қаза тапты

Перу елінің оңтүстігінде автобус жардан құлап кетіп, 37 адам қаза тапты, деп хабарлайды turkystan.kz.

Бұл туралы RPP радиостанциясы мәлімдеді.

«Өкінішке қарай, қазіргі мәлімет бойынша 36 адам апат болған жерде көз жұмды, тағы бір адам ауруханада қайтыс болды», — деді Арекипа аймағының денсаулық сақтау қызметінің басшысы Вальтер Опорто.

Алдын ала дерекке сәйкес, автобус жүк көлігімен соқтығысып, жолдан шығып кеткен. Қазір оқиғаның мән-жайы анықталуда. Автобус Чала қаласынан Арекипа қаласына бағыт алған болатын. 

Бөлісу:

Серіктес жаңалықтары