БIРЖАННЫҢ КЕШI ӨТТI

БIРЖАННЫҢ КЕШI ӨТТI

БIРЖАННЫҢ КЕШI ӨТТI
ашық дереккөзі

Кеше Астанадағы Күләш Байсейiтова атындағы Ұлттық опера және балет театрында ұлы сазгер, әншi, көрнектi ақын Бiржан Қожағұлұлының 175 жылдығына арналған салтантты кеш өттi. Мерекелiк кештi ҚР Мәдениет және ақпарат министрлiгi, «Қазақ әуендерi» АҚ ұйымдастырды.

Қазақ жерi – әлiмсақтан берi ән мен жырдың, шешендiк пен көсемдiктiң кенiшi, қайнар көзi, алтын басатуы. Осы бiр ұлан-ғайыр байтақ далада не бiр даналар келген өмiрге. Аты аңызға айналған сондай тұлғалардың бiрi — Бiржан сал Қожағұлұлы.

Оның шығармашылығы өзi өмiр сүрген заманның әлеуметтiк оқиғаларын, адамгершiлiк, iзгiлiк мәселелерiн қорғайды. Бiржанның ақындық, музыкалық өнерiнен демографиялық бағыт анық көрiнiп тұрады. Бiржанның «Бiржан сал», «Ғашығым», «Сарыарқа», «Ақсақ киiк», «Көбiк шашқан», «Ақбай», «Адай», «Айтбай» сияқты әндерi — оның шығармасындағы шоқтығы биiк туындылар. Бiржан феодалдық қоғамның озбырлығына асқақ әнiмен қарсы тұрды. Бiржанның «Жанбота» атты ыза-кекке толы өлеңi сол заманның азулы өкiлдерiн түйреуге бағытталды. Шәкен Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясы ұлы кемеңгер туралы «Бiржан сал» фильмiн түсiрiп, қалың көрерменге ұсынды.

Бiржан — ақындық дарындылығымен көзге түскен тарихи тұлға. Оның Сарамен айтысы — Бiржанның суырып-салма ақындық талантын елге барынша танытты. Өнерде жалғыз болмаған Бiржан маңайында талантты өнерпаздар топтастырылып, серiктестерiмен бiрге жүрген. Бiржан мектебiнен тәлiм алып, қанат қаққандар iшiнде Ақан серi, Үкiлi Ыбырай, Балуан Шолақ сияқты дарынды дара тұлғалар болды. Бiзге Бiржанның қырыққа жуық әндерi жетiп отыр.

Ақынның құрметiне арналған кеште оның шығармашылығын Қазақстанның Халық әртiсi Қайрат Байбосынов, Халықаралық конкурстардың лауреаты Ардақ Исатаева, республикалық конкурстардың лауреаты Гүлмира Сарина, жан әншiлер Перизат Тұрарова, Ахат Кенжебаев, Темiржан Мұратов сияқты әншiлер орындады.

Г. Бектасова