ТАМЫЗДАҒЫ ҚЫМБАТШЫЛЫҚ

ТАМЫЗДАҒЫ ҚЫМБАТШЫЛЫҚ

ТАМЫЗДАҒЫ ҚЫМБАТШЫЛЫҚ
ашық дереккөзі
209

Инфляцияны ауыздықтауға уәде берген Үкiмет елдегi қымбатшылықпен әлек. Ал ырыққа оңайлықпен бағынбайтын баға тамыз айында тағы бiр ышқынды. Жыл соңына дейiн 7 пайызды межелеп отырған Үкiмет елдегi қымбатшылықты қазiр 8 пайызбен бағалап, шектеуге тырысса, ТМД елдерi Мемлекетаралық статистикалық комитетi “Қазақстандағы инфляция деңгейi қазiр 12 пайызға жуық” дейдi.

ҚР Статистика жөнiндегi агенттiктiң деректерiне сүйенсек, елiмiздегi шағын бизнес субъектiлерiнiң саны 209969-ге жетiп, былтырғы алғашқы он аймен салыстырғанда 5,3% артыпты. 2009 жылғы 1 шiлдеде мемлекеттiк бюджет түсiмдерi – 1702,5 млрд. теңге, шығыстары – 1797,7 млрд. теңге, бюджет тапшылығы 95,2 млрд. теңгенi құрап, 2008 жылғы 7 аймен салыстырғанда, түсiмдер 6,4%-ға, ал шығыстар 5%-ға өсiптi. 2009 жылғы I тоқсанда кәсiпорындар мен ұйымдардың қаржы нәтижесi табыс ретiнде 317,1 млрд. теңге көлемiнде болған. Бұл 2008 жылғы осы аралықтағы кезеңдiк деңгейден 73,1 пайызға төмен көрiнедi. Екiншi деңгейлi банктердiң экономика саласына бағыттаған несиелiк салымдары 2009 жылғы маусымның соңында 8109,2 млрд. теңгеге жетiп, өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда, 11,9 пайызға артқан. Ұзақмерзiмдi несиелердiң үлес салмағы – 82,5%, шетелдiк валютадағы несиелер – 52,5%. Банк жүйесiндегi депозиттер көлемi 5967,5 млрд. теңгенi құраған. Аталған көрсеткiш өткен жылғы 8 айға қарағанда 34,8%-ға жоғары. Бiр айта кетерлiгi, жеке тұлғалардың депозиттерi 10,6% артып, 1606,7 млрд. теңгеге теңгерiлдi.

Жасыратыны жоқ, өсiм қарқынына байланысты елдегi инфляция деңгейi де артып барады. ТМД елдерiнiң Мемлекетаралық статистикалық комитетiнiң хабарлауынша, инфляция деңгейi жағынан алғанда, Қазақстан Тәжiкстан (8,2%), Әзiрбайжан (3,2%), Армения (2,7%), Грузиядан (2,1%) кейiнгi 5-орында. Ал бiзден кейiнгi кезекте Украина (17,3%), Белорусь (14,4%), Ресей (12,9%) тұр. Қазақстандағы үстiмiздегi жылдың қаңтар-шiлде айларындағы инфляцияға қатысты көрсеткiштер былтырғы осы кезеңмен салыстырғанда, 12 пайызға жеткен. Комитет таратқан деректерге сенсек, ТМД елдерiндегi қымбатшылық деңгейi – 8,3 пайыз. Қазақстандағы қымбатшылыққа келсек, ҚР Статистика жөнiндегi агенттiктiң мәлiметтерiнде 2009 жылдың тамызында былтырғы 8 айлық көрсеткiштерге қарағанда, макарон өнiмдерi – 3,2 пайызға, жемiс-жидек пен көкөнiс – 4,3 пайызға, сүт өнiмдерi – 6,2 пайызға, кондитер өнiмдерi – 8,7 пайызға, ұн және нан өнiмдерi – 11,8 пайызға, арақ-шарап – 13,5 пайызға, кофе, шай, какао – 21,9 пайызға қымбаттаған. Ал арпа (0,6%), нан (2,7%), ұн ( 2,7%), күнбағыс майы (37,4%) арзандаған. Осы мерзiм аралығында ет пен ет өнiмдерiнiң құны 6,5 пайызға жоғарылапты. Оның iшiнде, шошқа етi – 15,6%, бұқтырылған ет консервiлерi – 14,2%, шұжық өнiмдерi – 10,2%, жылқы етi – 5,2%, қой етi – 1,3%, құс етi 0,8%-ға өскен. Сонымен қатар үстiмiздегi жылдың тамызында электр жарығы – 2,9%, көмiр – 2%, жылу энергиясы – 1,2%-ға қымбаттаса, табиғи газ – 8,2 %, газ конденсаты – 0,7%-ға арзандаған. Iшкi нарықтағы қымбатшылық металл кендерiн де айналып өтпеген – 7%. Оның iшiнде, қорғасын – 11,8%, өңделмеген алюминий – 6,6%, қара металдарды жалға алу – 6,4%, мыс – 4%, мырыш – 2,2%-ға артса, қымбат металдар бағасы керiсiнше, 3,3%-ға төмендептi. Арзандау процесi елiмiздегi тұрғын үй нарығына да қатысты. Мысалы, 2009 жылдың тамызында жаңа үйлердiң бағалары шiлде айымен салыстырғанда, 0,3 пайызға төмендеген. Көп қабатты үйлердегi пәтерлердi сатып алып, қайта сату – 1,1 пайызға, ал бiр қабатты үйлердi 0,7 пайызға арзандап, жаңа тұрғын үйдiң 1 шаршы метрi 137 706 теңге, ал көп қабатты үйден пәтер сатып алып, қайта сату – 101 669 теңге, бiр қабатты үйдi – 59525 теңге.

Нәзия ЖОЯМЕРГЕНҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары