“АЛҚА” ЖУРНАЛЫНЫҢ ТӨРТIНШI НӨМIРI

“АЛҚА” ЖУРНАЛЫНЫҢ ТӨРТIНШI НӨМIРI

“АЛҚА” ЖУРНАЛЫНЫҢ ТӨРТIНШI НӨМIРI
ашық дереккөзі
255

“Алқа” журналының төртiншi нөмiрi “Сарапшының жауырыншыдан несi артық?” атты топтама материалдармен ашылған екен. Сейтқазы Матаевтың “Досым Сәтбаев әбден жалықтырды”, Берiк Әбдiғалидың “Қазiр менi саясат қызықтырмайды”, Әмiржан Қосановтың “Кәсiби болса да , көрiпкел емес”, Нұрлан Сейдiннiң “Шенеунiктер ғылымды науқанға айналдырып жiбердi”, Нұрлан Ерiмбетовтiң “Қоғамдық пiкiрге кiм ықпал етпек?” деген тақырыптармен берiлген мақалалары тосын пiкiрлерiмен қызықты.

Журналдың бас редакторы Жұлдыз Әбдiлданың көрнектi жазушы Шерхан Мұртазадан алған сұхбаты қаламгердiң “Бiр кем дүние” кiтабынан суыртпақтап сыр тарқатуымен тартымды оқылады. Сондай-ақ, халқымыздың аяулы қыздарының бiрi Жәния Әубәкiрованың “Менiң әкем…” атты естелiгi адами құндылықтарды алға тарта жылы жазылыпты. Академиктер Камал Ормантаев пен Төрегелдi Шармановтың лебiздерi де қайраткер ғалым Яхия Әубәкiров туралы бiлгенiмiздi толықтыра түссе керек. Жүсiпбек Қорғасбектiң “Өлгендер қайтып келмейдi” деген тақырыптағы топтамасы бұл жолы Бердiбек Соқбақбаев, Кеңшiлiк Мырзабеков, Сайлаубек Жұмабеков үшеуiне арналған. Журналда сонымен бiрге елiмiзде ашылғалы жатқан Ислам банкiнiң жай-жапсары, “Самұрық-қазына” әл-ауқат қорының әлеуметтi толғандырған сұрақтарға жауабы жарияланып отыр. Ақын Дәурен Берiкқажыұлының “Калька”-қазаққа” айтар сөз” атты үшбу хаты мен “Сiз деп тағы жазайыншы бiр өлең…” атты топтамасы да журналдың әрiн аша түседi. Еске сала кететiн бiр жайт, бас редактор Жұлдыз Әбдiлда “Алқа” журналына “Қазпошта” бөлiмшелерi арқылы биылғы жылдың екiншi жарты жылдығына жазылу басталғанын хабарлайды.

Серіктес жаңалықтары