ҚазҰУ-дiң ЖАҢАЛЫҒЫ

ҚазҰУ-дiң ЖАҢАЛЫҒЫ

ҚазҰУ-дiң ЖАҢАЛЫҒЫ
ашық дереккөзі
157

әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетiнде Қазақстан журналистикасы Академиясы филиалының ашылу салтанаты өттi

14 сәуiрде әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетiнде Қазақстан журналистикасы Академиясының ҚазҰУ-дегi филиалының ашылу салтанаты өттi.

2001 жылы БАҚ қызметкерлерiнiң мерекесi қарсаңында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дiң журналистика тарихы кафедрасының меңгерушiсi, профессор С.Қ.Қозыбаев пен оның тәлiмгерлерiнiң бастамасы бойынша Қазақстан журналистикасының Академиясы құрылды.

Қазақстан журналистикасы Академиясы – елiмiздiң көрнектi журналистерi мен журналистiк ұйымдары бiрiктiрген республикалық қоғамдық ұйым болып саналады. Академия өзiнiң беделдi мүшелерi мен мемлекетiмiздiң атақты зиялы тұлғаларымен бiрiгiп, Қазақстан журналистикасының 60 мыңнан астам санаттарын бiрiктiрдi.

Бұқаралық ақпарат құралдарына сiңiрген ерекше еңбектерi үшiн Академия тарапынан тағайындалатын “Алтын Жұлдыз” және “Алтын Самұрық” сыйақылары (алтын мүсiндерi) — ТМД көлемi бойынша бiреу ғана болып есептеледi.

Академия құрамында елiмiздiң жетекшi республикалық басылымдары мен медиахолдингтерiнiң сонымен қатар журналистiк ұйымдардың жетекшiлерi бар. Академия мүшелерiнiң арасында ҚР Мемлекеттiк премиясының лауреаттары, ҚР-ның еңбегi сiңген қайраткерлерi, журналистика ғылымын қалыптастырған iрi теоретиктерi мен тәжiрибелi мамандары, мәдениет қайраткерлерi, журналистика премиясының басқа да лауреаттары бар.

Салтанатты iс-шара кезiнде әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дiң ректоры, профессор З.Мансұров жасырын дауыс беру арқылы таңдалған журналистика Академиясының жаңа мүшелерiне “Түркiстан” газетiнiң бас редакторы Ш.Паттеевке, “Ел арна” телеарнасының бас директоры А.Мүкейге, “Новое поколение” газетiнiң бас редакторы С.Апаринге дипломдар мен куәлiктер тапсырылды.

Серіктес жаңалықтары