ОЙДАFЫ АРМАНЫ КӨП АЗАМАТ
ОЙДАFЫ АРМАНЫ КӨП АЗАМАТ
Оңтүстiк өңiрiнде Сейiтжановтар әулетiн жұрт жақсы бiледi. Бұл азамат нарықты алдымен сезiнгендердiң бiрi болды. Өзi басқарған комбинатты акционерлендiрiп, iрi компанияға айналдырды. “Оңтүстiк” АҚ-на iрi-iрi 14 кәсiпорын құрылтайшы болды.
Кешегi өтпелi кезең өкпенi қысып тұрған кездiң өзiнде компания қалада дүкендер, шағын зауыттар ашса, ауылдарда шағын наубайханалар, май шығаратын, май шайқайтын, шұжық өндiретiн цехтар мен зауыттар ашты. Санораянс, пластмассаны да осы компания өндiрдi. Облыс орталығына сап-сары таксилердi әкелiп, азайып кеткен жолаушылар таситын көлiктi де көбейткен осы компания.
Швейцария, Англия, Түркия, Венгрия, Болгария, т.б. контракт жасаған да осы Сәкең.
Нарықтың алғашқы жылдарында он төрт түрлi өнiм шығарып, оны базар бағасынан арзан сатқан да осы Сәкеңнiң компаниясы.
Осы еңбектерiнiң арқасында ҚР Президентiмен бiрге делегация құрамында 1993 жылы АҚШ-қа барған бизнесмен қазақтың бiрi де осы Сәкең.
Содан берi де зымырап онбес жыл өте шығыпты. Сәкең 2004 жылдан берi басқаратын “Саутсойл” атты жаңа компания өз елiмiзде, iшкi рынокта сан-салалы өнiм өндiрумен айналысады. Оның iшiнде мұнай өндiру де бар. Қиын кезде де ел экономикасын көтеруде қыруар тiрлiк атқарған компания басшысы руханият саласында не тындырды деген сауал туады.
Сәкең алдымен өз қаржысына Меңлiбай қажы бабасы атындағы мешiт тұрғызды.
Бұдан соң Түктi Шашты Әзiз кесенесiн қалпына келтiрiп, күмбез орнатты.
Домалақ ана кесенесiн салуға атсалысты.
Былтыр ақпан айында Жезқазғандағы Елбасымен болған бизнестiң әлеуметтiк жауапкершiлiгi туралы жиынға қатысып келген соң туған ауылы Шiлiкте мектеп құрылысын бастады. Жетi ай iшiнде сол мектептi өз қаржысына салып бiтiрдi. Бiр мезгiлде 240 бала оқитын мектеп салып берген облыстық мәслихат депутатына риза болмаған пенде қалмады.
Екi жылдан берi Серiкжан Сейiтжанов Меккеге қажылық парызын өтеуге он адамнан жiберiп жатыр.
Аядай ауылдың өзiне осыншама қамқорлық жасаған Серiкжан Сейiтжановтың Оңтүстiк Қазақстан, Қызылорда облыстары халықтары үшiн жасаған қайырымдылық iстерi өте көп.
Айтпақшы, өзiнiң депутаттық аманатына адалдығын танытқан аға ауыл мен Астана арасын жол етiп жүрiп, облыстың екi қала, төрт ауданын “көгiлдiр отынмен” қамтамасыз етудi үкiметтiк жобаға ендiрдi. 2012 жылы сол жоба iске асады.
Қазiргi кезде, келешекте бұл азамат не бiтiредi дегенге келсек, мыналарды айтуға болады.
Серiкжан аға Қытайға екi жыл бойы барып, жүздеген келiссөздер жүргiзу арқылы Шымкент маңайында үлкен цемент зауытын салуға қол жеткiздi. Сайрам ауданынан салынып жатқан “Стандарт-цемент” зауыты келесi жылы iске қосылады. Зауытта мыңнан астам адам жұмыс iстейтiн болады. Мың адамның отбасында төрт-бестен бала болғанның өзiнде төрт-бес мыңдай адамның тұрмысы түзеледi, әлеуметтiк жағдайы жақсарады. Сайрам ауданы бюджетiне екi миллиард теңгеден астам қаржы түсетiн болады. Бұл зауытты салу үшiн Сәкең Қытайдан 70 миллион доллар инвестиция тартты. Жобаны Қытайдың Тяньзин қаласындағы цемент өнеркәсiбi ғылыми-зертеу институты жасады.
Зауыт жанынан мектеп, балабақша орталығы, демалыс аймағын салу жоспарланған. Сайрамдық 120 жас Қытайға барып, зауытта жұмыс iстеудiң қыр-сырын оқып келедi. Бұл мамандар келген соң өзгелердi оқытып, үйретедi.
Ал, Отырарда салынатын “Саутсбиотекс” зауыты экологиялық таза өнiм шығаратын болады. Бұл Қазақстандағы осындай таза өнiм шығаратын үшiншi iрi зауыт. Шикiзат — жүгерi, арпа, бидай Отырарда егiледi. Шаруалар еккен жүгерiсiн осы зауытқа тапсыратын болады. Әрине, зауыттың өзiне мыңдаған жұмысшылар қабылданады.
Шәуiлдiрдiң тұзы бетiне шыққан сорланған жерiне егiн шықпайды дейтiн бар. Оның “емiн” немiстер тауып отыр. Бұл жобаға инвестор болып отырған ел — Германия. Германия мен Голландиядан әкелiнген қазiргi заманғы озық технология жердiң сорын шайып бередi. Алып зауыт жылына 150 мың тонна жүгерi өңдейдi. Отырарда 8 МТС құрылады.
Сәкең өзiмiздiң бюджеттен бiр тиын да шығармай, инвестиция тарту арқылы аса iрi екi зауыт салып жатыр.
Отырарда туризмдi дамыту үшiн де жоба жасап отыр. Оған да инвестиция тартпақ.
Отырарда туризм дамып, сәндi қонақүйлер, түрлi ғимараттар бой түзеп, зауыттар iске қосылғалы тұр. Дағдарыс кезiнде мыңдаған адамдар жұмыс iстеп, нәпақа табуға кiрiспек. Елдi осылайша жұмыс беру арқылы дағдарыстан алып шығуға әр азамат әрекет жасаса ерлiк болар едi.
Елiне, ұлтына осыншама еңбек сiңiрген ұл еңбегi лайықты бағасын алып та жатыр.
Серiкжан аға Амстердамда өткен мұнай өңдеушi елдер қауымдастығының жылдық қорытынды жиналысына қатысып, “Жылдам өркендеушi компания”, “Алтын құйма” жүлделерiн алды.
Қайтар жолда Ресейге соғып, Думада “Орта және шағын бизнестiң қазiргi жағдайы, оны дамытудың жолдары, оған қажеттi халықаралық нормативтi актiлер” атты тақырыпта баяндама жасады. Онда әлемнiң әр елiнен келгендер оншақты баяндама жасаса, соның екеуiн қазақстандықтар жасады. Дума отырысының қорытындысында Серiкжан Сейiтжановқа “Звезда содружества” орденi тапсырылды.
Орыс орден тағып, Еуропа еңбегiн елеген ұлтжанды азамат өз елiмiзде де ескерусiз қалған жоқ. ҚР Бiлiм беру саласының меценаты деп “Алтын жүрек” номинациясын бердi.
“Парыз” байқауының жеңiмпазы атанып, Елбасы қолынан “Алтын белгi” сыйлығын алды.
Мұның бәрi өткен жылы берiлген атақтар мен сыйлықтар.
Бұған қосымша “Ұлттық экономика лидерi”, “ҚР еңбегi озаты”, ОҚО Отырар, Қызылорда облысының Шиелi, Сырдария аудандарының құрметтi азаматы атақтары тағы бар. Оңтүстiкте осындай абыройлы азаматтар көбейе берсiн.
А.АСПАН, Б.ТҮЙЕТАЕВ