ОРАЛМАНДАР ОҢТҮСТIКТI АБАТТАНДЫРАДЫ

ОРАЛМАНДАР ОҢТҮСТIКТI АБАТТАНДЫРАДЫ

ОРАЛМАНДАР ОҢТҮСТIКТI АБАТТАНДЫРАДЫ
ашық дереккөзі
284

Ата-бабаларымыздың найзаның ұшымен, бiлектiң күшiмен қорғап, ұрпаққа қалдырған қазақтың даласы – тарихтағы қиын-қыстау замандарда елдiң дүние жүзiне тарыдай шашылғанына куә.

Қазақстан Республикасы егемендiк алған кезден бастап Отанынан тыс жүрген бауырларымызды ел шаңырағының астына жинап, елiмiздiң негiзгi байлығы болып табылатын халықтың санын көбейту — мемлекетiмiздiң негiзгi саяси бағыттарының бiрi болып қалыптасты. Осы саясатты жүзеге асырудың арқасында 1991 жылдан берi елге қайта оралған қандастарымыздың саны 700 мыңнан асты.

Мемлекетiмiз өзiнiң әр мерзiмдегi экономикалық даму дәрежесiне сәйкес оралмандарға мүмкiндiгiнше әлеуметтiк қолдау көрсетуде.

Жалпы әлемде үш мемлекет, атап айтқанда, Германия, Израиль және Қазақстан өз қандастарына есiгiн ашып қамқорлығына алған болса, қазiргi таңда әлемдiк қаржы дағдарысына байланысты Германия мен Израиль бұл жұмыстарды тоқтатып отыр. Ал бiздiң елiмiз дағдарысқа қарамастан 2008 жылы оралмандарды жүйелi түрде экономикалық дамуға ұтымды келешегi бар жерлерге орналастырып, оларды баспанамен, жұмыспен, керектi әлеуметтiк нысандармен қамтуға бағытталған “Нұрлы көш” бағдарламасын қабылдады. Бұл бағдарламаны облыс әкiмi Н.Әшiмов қолдап, көптеген игiлiктi iстердi атқарылуына мұрындық болды.

“Нұрлы көш” — осы кезеңге дейiн болмаған, оралмандардың барлық мәселелерiн кешендi түрде шешудi қамтитын бағдарлама.

Бұл бағдарлама 2010-2011 жылдары Оңтүстiк Қазақстан облысының 7 аудан, қалаларының аумағында яғни Сарыағаш, Қазығұрт, Төлеби, Түлкiбас, Ордабасы, Отырар аудандарына және Арыс қаласына 2920 оралман отбасыларын қабылдап, жайғастырып, оларды жеңiлдетiлген несие жүйесiмен салынған үйлермен, мектеп, аурухана, балабақша және жұмыс орындарымен қамтуды көздейдi. Несиелер “Қазақстан Тұрғын үй құрылыс жинақтау банкiнiң” несиелендiру жүйесi арқылы жүзеге асырылады. Бағдарламадағы тағы бiр оралмандар үшiн өте тиiмдi мәселе — оларға тұрғын үйлер үшiн алынған несиелердi қайтаруға мүмкiндiк жасалынған. Бұл ретте оралман отбасыларының ауылшаруашылық өнiмдерiн өндiруге бейiмдiлiгi есепке алынып, әр отбасының үй iргелiк жерiне 0,03 га. жерге жылыжайлар салып, одан шығарылған өнiмдердi сату механизмдерi қарастырылған.

Ал, 2009 жылы пилоттық жоба ретiнде Шымкент қаласында, “Асар” мөлтекауданында 575 тұрғын үйдiң және қажеттi инжеренлiк-коммуникациялық инфрақұрылымдар құрылысын жүргiзуге тиiстi қаржы бөлiнiп, құрылыс бастау үшiн дайындық жұмыстары жүргiзiлуде.

Жалпы, 2009-2011 жылдар аралығында, Шымкент қаласында, “Асар” мөлтек ауданында, бағдарламаға сәйкес оралмандарға 1725 тұрғын үй салыну жоспарланған.

“Нұрлы көш” бағдарламасын дайындау жұмыстары Қазақстан Республикасының Президентi Н.Ә. Назарбаевтың 2008 жылдың 25-26 маусымында Оңтүстiк Қазақстан облысына iс сапары кезiнде “Асар” мөлтек ауданындағы құрылыс жұмыстарымен танысу барысында берген тапсырмасына сәйкес басталды. Елбасымыздың әлемдiк экономикада болып жатқан дағдарысқа байланысты қиындықтарға қарамай, елге көшiп келiп жатқан қандастарымыздың бүгiнгi жағдайына және келешектегi бейiмделуiне ерекше назар аударып өз қамқорлығына алғаны үшiн елге қайта оралған және келуге ниеттенген оралмандардың ризашылығы шексiз десем, артық айтқандық болмас деп ойлаймын.

Алдияр ҚАЛБАЕВ

Серіктес жаңалықтары