ӘЛIМБАЕВТЫҢ БАЛАЛАР ӘЛЕМI"

ӘЛIМБАЕВТЫҢ БАЛАЛАР ӘЛЕМI"

ӘЛIМБАЕВТЫҢ БАЛАЛАР ӘЛЕМI"
ашық дереккөзі

Қазақ әдебиетiнiң қоржыны тағы бiр кiтаппен толықты. Нақтырақ айтсақ, "Арыс" баспасынан Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетiнiң әдебиет кафедра меңгерушiсi Әсел Жәкiмнiң "М. Әлiмбаевтың балалар әлемi" ғылыми еңбегi қалың оқырманға жол тартып отыр.

Атаулы кiтапта Мұзафар Әлiмбаевтың балаларға арналған шығармаларының тақырыптық аясы, көркемдiк ерекшелiктерi, қазақ балалар поэзиясына жаңа жанрларды енгiзудегi шеберлiгi, iзденiс белестерi сөз болады. Қаламгер туындылары жеке-дара алынбай, әдеби процеске өзiмен бiрге араласқан қазақ және шетел ақындарымен, сондай-ақ өзiнен кейiнгi iнi ақындар туындыларымен бiрлiкте қарастырылады.

"Ақынның балаларға арналған өлеңдерi хрестоматиялық сипат алып, әдеби сыннан да, қалың оқырмандардан да жоғары бағасын алғанына қарамастан, күнi бүгiнге дейiн арнаулы нысанына айналмаған екен. Оның бұл саланы дамыту мен қалыптастырудағы iзденiстерi мен жетiстiктерi ғылыми тұрғыда өз бағасын алмапты. Жас зерттеушi Ә. Жәкiмнiң еңбегi осы олқылықтың орнын толтыруға арналған алғашқы игi қадам. Тақырыптың өзектiлiгi, мәндiлiгi, мiне осыдан көрiнедi" деп баға бередi Серiк Мақпырұлы.

Балалар әдебиетi – қаламын қару еткендердiң бәрiне бұйыра бермес несiбе. Оның күрделiлiгi де дүниеге перiштедей пәк сәбидiң көзiмен қарай бiлуiнде болар. Ендеше, осынау балалар әлемiнен сыр шертер оқу құралы оқырманын жалықтырмайды деп сенемiз.

Балжан ҮСЕЕВА