МҮЛIКТI ЗАҢДАСТЫРУ ШАРАСЫ КIМ ҮШIН?

МҮЛIКТI ЗАҢДАСТЫРУ ШАРАСЫ КIМ ҮШIН?

МҮЛIКТI ЗАҢДАСТЫРУ ШАРАСЫ КIМ ҮШIН?
ашық дереккөзі
390

Үкiмет енгiзген былтырғы жылдың басты жаңалығы — мүлiктi заңдастыру шарасы туралы дау-дамай тоқтамай келедi. Өйткенi, жыл аяғында Алматыдағы "Жетiсу" әкiмшiлiгi алдында наразылықтарын бiлдiрген бұқара мүлiктi заңдастыруға рақымшылық жасауды тағы 1-2 айға ұзартуды сұраған едi.

Яғни, құрқылтайдың ұясындай баспаналарын заңдастыра алмаған халық бұл рақымшылық тек қалталы адамдарға ғана арналғандай деген ойын жасырып қалмады. Өйткенi, көптен күткен заңсыз мүлiкке жарияланған рақымшылық шарасының қорытындысы әне-мiне шығады деп күдерiн үзбеген тұрғындар билiкке сенуден қалған сияқты. Олар "жерлерiмiздi заңдастырмаса, ақшаны не үшiн төледiк?" — дейдi, кiмге шағымданатынын бiлмей дал болып. Мәселен, "Дархан" елдiмекенi тұрғынының сөзiне қарағанда, бұл жерде 10 мың адамның құжатын қайтарып берген. "Он мыңды төртке көбейтемiз, 40 мың. Алматыға сырттан келгендерге еш рақымшылық жасамаған. Тiптi, Президенттi тыңдамағандары ғой. Бiз қарапайым халық, мүлiктi заңдастыру шарасын тағы 1-2 айға созуды сұрап отырмыз" дейдi.

Бұдан өзге, Алматының төңiрегiнен телiмдердi басып алғандар лашықтарын заңдастыруға құжат өткiзсе де, өтiнiштерi қанағаттандырылмады. Бiз "баспаны заңдастыру үшiн қаржы төледiк. Керек болса, рақымшылықты бизнеске айналдырып, заңсыз жер үшiн құжат рәсiмдеп бергендер бар екендiгiн ашына айтқан-ды.

Ал, аудандық комиссия төрағасы: «Елбасы тапсырмасын орындадық. Жүктелген мiндеттi абыроймен атқардық. Қазынаны толтырып, заңсыз мүлiктi рәсiмдедiк» деумен шектелдi. Жетiсу ауданы бойынша рақымшылыққа қатысты құрылған комиссия төрағасы Ермек Дiлмаханбетов: "7 мың 966 өтiнiштiң 5 мың 10-ы жердiң заңдастырылуына құжат берген. 2 мың 947 үйге ғана. Сондықтан бiз шамамыз келгенше қарадық. Қолдан келгендi iстедiк" дегендi айтады. Алайда, ашынған жұрт: "Мүлкiмiз заңдастырылсын немесе құжат рәсiмдеуге тағы уақыт берсiн" — дейдi. Ресми мәлiметтерге сүйенсек, маусымның 7-сiне дейiн республика бойынша мүлiгiн заңдастыруға 1 миллионнан астам өтiнiш түскен. Заңдастырылған мүлiктiң жалпы құны — 367 миллиард теңге. Оның 145 миллиарды заңдастырылған ақша. Алайда, сол заңдастырылған мүлiктердiң бiразы байлардың елдегi және сырттағы зәулiм сарайлары. Ал, iшкi көшi-қонмен ағылған жұрттың лашықтарын заңдастыру сол күйi заңсыз болып қала беретiн сыңайлы.

Динара МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары