«ХАЛАЛ» — АС ТАЗАЛЫҒЫ

«ХАЛАЛ» — АС ТАЗАЛЫҒЫ

«ХАЛАЛ» — АС ТАЗАЛЫҒЫ
ашық дереккөзі
417

Жуырда №57 «Халал» стандарттау техникалық комитетiнiң төрағасы М.А.Сәрсенбаев Қаскелеңде журналистермен жүздестi.

М.Сәрсенбаев алдағы уақытта Қаскелеңдi Алматыдағы «Халал» орталығына айналдыру туралы, сонымен қатар, қаламызда «Халал» балабақшаларын, қонақүйлерiн көптеп салу жайындағы жоспарларын жеткiздi. Аталмыш жаңа жобалар көпшiлiктiң көңiлiнен шығып отыр.

Негiзiнен, «Халал» бiздiң өмiр сүру салтымызға айналып келедi. Әлемнiң 148 мемлекетi «Халал» өнiмдерiн пайдаланады екен. Мәлiметтерге сүйенсек, «Халал» бизнесi жылына 620 млрд. АҚШ долларын құрайды. Жалпы, халық арасында халалға деген сұраныс өзгердi, күн өткен сайын оның өнiмдерiн тұтынушылар саны артып келедi.

Ал, бiздiң елiмiзде 26 ұлттан тұратын 10 млн. мұсылман бар. Оларды таза өнiмдермен тамақтандыратын және тағы басқа қызметтердi көрсететiн 160 кәсiпорын бар. Бiрақ бұл көрсеткiш аз. Доңыз етiмен және басқа да харам аспен азықтандыратын кәсiпорындар қаншама? Доңыз етiнде холестерин мөлшерi тым көп. Сондықтан да Ресей мен Украинаның балабақшаларында доңыз етiнен жасалған шұжықтарға рұқсат жоқ. Негiзiнен бiздiң жұмыс әлемдi тазарту, халалдандыру, харамдықтан сақтандыру болып табылады», – дейдi «Халал» стандарттау техникалық комитетiнiң төрағасы.

Кездесуде журналистер тарапынан көптеген сауалдар қойылды. Соңғы уақытта сауда орындарында «Халал» шұжықтары деген белгiмен сапасыз өнiмдердiң сатылып жатқандығы да тiлшiлер тарапынан «халалдықтарға» жеткiзiлдi. «Iшкi нарықта «Халал» өнiмдерi деп сатылып жүрген сапасыз шұжықтардың сауда орындарында кездесуi елдi алдау-арбау болып табылады. Адамнан амал артылған ба, халалға сұраныс көбейгендiктен саудагерлер арасында кейде осындай харамдық та орын алып отыр», – дейдi «Халал» стандарттау техникалық комитетiнiң қызметкерлерi.

Ақиқатында, тек «Халал» жеу арқылы пенденiң жүрегi тазарады. «Халал» – адалдықтың пәктiктiң белгiсi» дейдi халалдың өнiмдерiн тұтынып жүрген мұсылмандар қауымы. Қорыта келгенде, «жұмыла көтерген жүк жеңiл» дегендей, елiмiздi халалдандыру барлық мұсылман жұртшылығының мiндетi болмақ!

Жансая ҚҰРМАНҒАЛИҚЫЗЫ

Серіктес жаңалықтары