«ВИВА КУБАҒА» ҚАРЖЫ КЕРЕК

«ВИВА КУБАҒА» ҚАРЖЫ КЕРЕК

«ВИВА КУБАҒА» ҚАРЖЫ КЕРЕК
ашық дереккөзі
312

Кеңес Одағының дүрiлдеп тұрғанында Куба елi бiзбен «мұңдас» болған. Тәуелсiздiк алып «көзiмiз ашылып» оң-солымызды тани бастадық та «ескi досымыз» ұмытыла берген едi.

ҚР Парламент сенаты төрағасының орынбасары М. Көпеев пен кездескен Куба сыртқы iстер министрiнiң орынбасары Э. Родригес: «Қазақстан қазiргi таңда әлемдегi күштi мемлекеттердiң қатарына айналып келедi. Сондықтан бiзге Қазақстанның инвестициясы өте қажет» – деп көпшiк қоя сөйлеп, бұрын тығыз бйланыста болғандығымызды еске сала кетiп, Куба елi жылына 6 млн. туристердi қабылдай алатындығын ол үшiн қонақ үй, жағажай, мейрамханалар салатын Қазақстан қаржысына зәру екендiктерiн жеткiздi.

Әлемдегi бiздер бiлмейтiн мыңдаған арал мемлекеттердiң бiрi ғана Куба «қызыл комиссарлар құрған социалистiк ел болғандықтан «ерекше» қарап, жастан кәрiмiзге дейiн кезiнде «Тарт қолыңды, социалистiк Кубадан!» деп АҚШ-тың жер-жебiрiне жеткiзе жамандап талай «iшiн кептiрiп» едiк.

Айтып-айтпай не керек, Кариб теңiзiндегi Куба аралдарын Испан отаршылары жаулап алып, ойдан-қырдан қашқан, жеңiл өмiр, байлық қуған, ұры-қары қарақшылар жергiлiктi аборигендердi жойып, орнына өз мемлекеттерiн құрды. Ол мемлекеттi бiрде испан, бiрде француз, бiрде американ отаршылары қолдан-қолға өткiзiп, ақыры испантiлдес халықтар көптiгiн жасап Куба мемлекетiн құрған болатын…

Содан 1959 жылы генерал диктатор Батистадан адвокат Ф. Кастроның қарулы көтерiлiспен билiктi тартып алып «социалистiк» деп аталатын пролетарлар диктатурасын орнатты. Елден байлар, оқығандар қуылып, жеке меншiк жойылып, «ешкiмдiкi» емес мелекеттiк меншiк орнап, кедей-кепшiк, құл-құтандар билiгi елдi дамыта алмады. Осы күнге дейiн Кеңес Одағында бiз қалай өмiр сүрсек олар да солай өмiр сүруде. Коммунистердiң диктаторлық билiгiн көргiсi келгендер Куба мен Солтүстiк Кореяға барсын. Қазiргi таңда Куба халқы бейшара өмiр сүрiп, қиыншылықты бастан кешiруде. Қанша дегенмен «өзiмiз шыққан» жүйе ғой, бiздiң бұрынғы коммунистер қазiргi «Нұр Отандықтан» бауырлас ағайындарына көмектеспек ниетпен депутаттық топ құрып, Куба мен достық, экономикалық, туристiк, және стратегиялық мемлекетаралық байланыс орнатуға бел буып отыр.

Тоғайбай НҰРМҰРАТҰЛЫ

Серіктес жаңалықтары