13 АСЫҚ — ЖАҢА ОЙЫН

13 АСЫҚ — ЖАҢА ОЙЫН

13 АСЫҚ — ЖАҢА ОЙЫН
ашық дереккөзі
233

Құмарлық индустриясы таратылған, ал ойынханаларының барлығы көшiрiлген Алматыда сәттiлiктi тек зияткерлiк алаңдарда ғана кездестiруге болады. 27-қарашада БАҚ пен PR-шы кездескен «13-асық» жаңа ойыны PR-маусымын ашты. Ойын идеясының авторы – «Каспийский» Банкi. Қонақтар пунштан ауыз тидi.

Бiрнеше ай бұрын БАҚ өкiлдерi мен PR арасындағы қарым-қатынастың бiрегей, үлгi боларлық жаңа түрiн қалыптастыру үшiн «13-асық» клубын ашу идеясы туған болатын. Ол үшiн көкейкестi антураж: ақша тiгiлетiн, жеңiмпаздар мен құмарлыққа толы зияткерлiк ойынхана таңдап алынды. «13-асық» – зияткерлiк teambuilding, «Не? Қайда? Қашан?», ойынхана мен асық ұлттық ойынынан тұратын коктейль. Әкiмшiлiк болашағы зор жоспарлар құрып, теленұсқаны шығару туралы ұсыныстарды қабылдауда.

«PR-шы» клубы 27 қараша күнгi сайысқа Мәди Мәмбетовтi (Time-out), Татьяна Бендзьдi («Центр Тяжести»), Олег Червинскийдi («Новое поколение»), Игорь Переверзевтi («Бизнес и Власть»), Ерлан Бекқожиндi («Литер»), Айдос Тұрысбектi («Қазақстан» телеарнасы) шақырды. Бiрiншi ойынға PR-шы клубынан Лариса Пак – («Каспийский» Банкi), Майраш Тәйкенова («Зере» корпорациясы), Жанна Мәмбетова («ЦентрКредит» Банкi), Лариса Коковинец (Қазкоммерцбанк), Қуат Домбай (GSM-Қазақстан), Сәкен Балбаевтар («Қазақстан» баспасөз клубы) қатысты.

Ойын барысында Айдос Тұрысбектiң ортаазиялық жауынгерлер нелiктен жорыққа қына алып шыққандығы жөнiнде қойылған сұрағы ең айлалы сұрақ болып танылды. Жанна Мәмбетова өзiнiң поэтикалық сұрағымен – Қазақстанның коллекциялық монеталары туралы өзiнiң арнайы шығармасымен жұртты таңқалдырды. Банк атынан ойынға қатысушылардың алғашқы капиталын қаржыландырған «Каспийский» Банкiнiң Басқарма Төрағасы Михаил Ломтадзе мырзаның қойған ЗЕРО сұрақтарына екi команда да лайықты жауап бердi. Ұтыстар «Каспийский» банкiнiң ойыншыларға арнап шығарған атаулы карточкаларына аударылды.

PR-шы командасының ойыншылары көрермендердiң көмегiмен қарсыластарын екi рет жеңдi. Алайда, таңдалған стратегияның арқасында ең көп фишка жинағандар ойынның жеңiмпазы атанды. Мысалы, Қуат Домбай негiзiнен ақшасын журналистерге, ал Игорь Переверзев PR-менеджерлерге тiгiп, екеуi де алты жеңiмпаздың қатарына iлiктi. «Ойын әр-түрлi жемiстердi араластырып, мас қылатын пунш сияқты», – дейдi PR-шы клубының президентi Лариса Пак.

Сонымен, жаңа ойыншыларға қарсы шығу құқығын жеңiп алған «13-асықтың» келесi командасының құрамы мынандай:

Ерлан Бекқожин 6500

Қуат Домбай 4000

Игорь Переверзев 2500

Айдос Тұрысбек 2250

Майраш Тәйкенова 2200

Мәди Мәмбетов 2150

Ойынға 60-тан астам журналист пен 40-тан астам PR-мамандар қатысты. «Деловой Қазақстан» газетiнiң бас редакторы Серiк Қоржымбаев ең белсендi жанкүйер атанды. «Центр тяжести» интернет-форумының бас редакторы Татьяна Бендзь (айына 4 млн бiрегей хост) ойынды өткiзу идеясына қызыққаны соншалық, интернет оқырмандарын тартуға қол ұшын беретiнiн айтты, ал Beeline PR-менеджерi Әсел Жәлешева ойын – корпоративтiк клиенттермен жұмыс жүргiзу үшiн зор мүмкiндiк екенiн атап өттi.

Келесi ойын Жаңа жылдан кейiн өтедi. Анонстарды байқап жүрiңiздер. Жеңiмпаздар сайысқа кiмдердi шақырар екен?

Серіктес жаңалықтары