АТЫРАУ ӘУЕЖАЙЫНДАҒЫ ЖYК ТАСЫМАЛЫ – ДАМУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢI
АТЫРАУ ӘУЕЖАЙЫНДАҒЫ ЖYК ТАСЫМАЛЫ – ДАМУДЫҢ ЖАҢА КЕЗЕҢI
2007 жылдың 27 қарашасынан бастап Атырау халықаралық әуежайынан «CargoLux» авиокомпаниясының ауыр салмақты жүк тасымалдайтын Боинг 747-400 ұшағы тұрақты ұшу мiндетiн мойнына алды.
Бұл мамандардың ұзақ уақыттан берi тер төгуiнiң арқасында Атырау әуежайының экономикалық жағдайын түзеуге бағытталған айтулы оқиға. Әлбетте, бұл бастаманы әуежайдың келешекте басқа елдермен қарым-қатынас орнатуына ашылған жол деп қарастыру жөн. Сондай-ақ «Атырау халықаралық әуежайы» Атырау аймағының авиациялық тасымалдау сұранысын қанағаттандыруға, қажеттi авиациялық инфра-құрылымдардың дамуы мен өркендеуiне үлес қосады. Сол себептен де 2001 жылы «Атырау халықаралық әуежайының» бас директоры А.А.Бекмұханбетовтың жетекшiлiгiмен iрi инвестициялық жобалардың жүзеге асуына және кiрiс көзiн ұлғайтуға арналған даму концепциясы жасақталды. Аталмыш концепция аясында 2001 жылдың 15 желтоқсанында «Атырау халықаралық әуежайы» Еуропа қайта құру және даму банкiнен ұшып-қону алаңы құрылыс жобасын бастау мақсатында несиелiк келiсiмге отырып, жалпы сомасы – 25 млн. АҚШ доллар бөлiндi.
2005 жылдың аяғында ұшып-қонатын алаңды қайта жөндеу құрылыс жұмыстарын жандандыруға және Атырау әуежайынан барлық түрдегi ұшақтарды қабылдап, қызмет көрсетуге бұрынғы Атырау облысының әкiмi, бүгiнде ҚР Мәжiлiс депутаты А.Е.Мусиннiң көп көмегi тигенiн айту керек.
Сол сияқты, 2005 жылдан бастап жаңа ұшып-қону айлағын дамыту және Еуропа қайта құру және даму банкiнiң қарызын қайтару кезiнде «ҚазМұнайГаз» АҚ-ның экс вице-президентi Т.А.Құлыбаевтың көмегiмен 400 тоннаға дейiн жүк тасымалдайтын ауыр салмақтағы Boeing 747 МD -11 жәнеDC -10 авиациялық техника өз жұмысын бастады. 2006 жылы Атырау әуежайы 402 тоннаға дейiнгi салмақтағы «Руслан» атты АН-124 ұшағының 3 рейсiн қабылдады. Шетелдiк әуе кемелерiне, атап айтқанда, жалпақ фюзеляжды ұшақтарға қызмет көрсету үшiн қосымша құрал-жабдықтар оның iшiнде хайлодерлер, әуе ұшыру құрылғылары, жерде жанармай құятын құрылғыларды т.б алу қажеттiгi айқындалды. Атырау халықаралық әуежайы өз есебiнен сыйымдылығы 5 мың текше метрлiк авиа жанармайын сақтайтын резервуар салды. Мұнымен қоса, «Хтизингер» жылжымалы қуат көзiн сатып алып және әуежайда жанармай сақталатын Т3 – 40 қоймаларды жабдықтауды жүзеге асырды.
Ал 2007 жылдың Азаматтық авиация комитетi төрағасының М.М.Кубаевтың басшылығымен Люксембург азаматтық авиациясы әкiмшiлiгiмен екi ел арасында әуе жолдары хабарларын алмасып тұру мақсатында бiрқатар келiсiмге қол қойылды. Нәтижесiнде «CargoLux» компаниясының Атырау ұшақтарын қабылдауға мүмкiндiгi туды.
«CargoLux» авиакомпаниясы Атырау әуежайын қажеттi жүктi тасымалдап, жеткiзу аралық бекетi ретiнде пайдалануы керек десек, әуежайға жүктi жеткiзу жұмысы алғашқы кезде аптасына 2-3 рет (алғаш 3 айда) жүзеге асады да, одан кейiн бiрте-бiрте көбейе бередi. Сол сияқты «CargoLux» авиакомпаниясы көмегiмен Атырауға ресейлiк «Аэрофлот карго» және «Аэбридж» мен Корея және ОАЭ компанияларының ауыр салмақта жүк тасымалдайтын ұшақтарын қабылдауды жоспарлап отыр. Әлбетте, Атырау халықаралық әуежайына шетелдiң басты компаниялары арқылы аралық ауыр салмақты ұшақтарды күтiп алып, ұшырып тұру үлкен өндiрiстiк және қаржылық жағдайды едәуiр жақсартатын болады. Дәл қазiр концепцияның дамуын назарға ала отырып, Атырау халықаралық әуежайы екiншi iрi инвестициялық жоба – жолаушы терминалының жаңа құрылысын бастауға кiрiстi. Бұл жобаның тез арада шешiмiн табуда Атырау облысының әкiмi Б.С. Рысқалиевтiң көмегi айтарлықтай.
Мiне, осындай нәтижелi әрi шынайы жоба-мақсаттардың iле-шала орындалып жатқандықтан халықаралық стандартқа, үлкен сұранысқа сай Атырау халықаралық әуежайының ұжымы жақын арада мол табысқа кенеледi деп күтiлуде.
Д.МЫҢЖАСАРҚЫЗЫ