«КАСПИЙ БАНКIНIҢ» 9 АЙДАҒЫ ТАЗА ПАЙДАСЫ – 4,1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ
«КАСПИЙ БАНКIНIҢ» 9 АЙДАҒЫ ТАЗА ПАЙДАСЫ – 4,1 МИЛЛИАРД ТЕҢГЕ
«Каспий банкi» АҚ 2007 жылдың 9 айындағы өз қызметiнiң қорытындысын хабарлады. Олардың мәлiметiне қарағанда, жыл басынан бергi активтерi 20%-ға және соңғы үш айда 10%-ға көбейiп, 238 миллиард теңгенi құраған. Несиелiк портфель жыл басынан берi 39%-ға соңғы үш айда 18%-ға артып, 178 миллиард теңгенi құрады. Клиенттердiң депозиттерi соңғы үш айда 9%-ға артып, 68 миллиард теңгеге жеткен. Меншiктi капиталы жыл басынан берi 36%-ға көтерiлiп, 37 миллиард теңгенi құрады.
«Капиталдың сыртқы нарығында қалыптасқан қиын жағдайға қарамастан, «Каспий банкiнiң» 2007 жылдың 9 айында қол жеткiзген табысының аса қомақты екенiн хабарлау бiз үшiн қуаныш, – дедi «Каспий» банкiнiң басқарма төрағасы Михайл Ломтадзе, – нәтижесiнде жеке тұлғаларға несие беру 24%-ды құрады, шағын және орта кәсiпорындарға берiлген несиенi қосқандағы бiздiң жеке портфелiмiз 100 миллиард теңгеге жеттi».
«Бiз жыл басында белгiленген тұрақты және орынды өсуге, бiздiң банктiң жоғары сенiмдiлiгiн қамтамасыз етуге бағытталған стратегиямызды жүзеге асыруды жалғастырудамыз. Бiздiң стратегиялық мақсаттарымызға жеткiзетiн үш маңызды фактор бар. Бiрiншiден, қазақстандық банктер арасындағы капиталдың ең жоғары деңгейiнiң бiрi бiзде және ол 22%-дан асып жығылды. Екiншiден, «Каспий банкiнiң» сыртқы қарыздарының деңгейi қазақстандық банктер арасында ең төменi болып табылады. Ол барлық сыртқы қарыздың тек 34%-ын ғана құрайды. Қыркүйек айында 80 миллион доллар төлегеннен кейiн, биылғы жылы бiзде ешқандай сыртқы қарыз төлемi қалған жоқ. Үшiншiден, тек биылғы жылы несиелiк қор мен капиталға инвестиция түрiнде 22 миллиард теңгеден астам қаражат бөлген банк инвесторларының қомақты қаржылық мүмкiндiктерi бар. Банк жұмысының тұрақтылығы клиенттерiмiзге сенiмдiлiк ұялатады деген сенiмдемiн» дейдi «Каспий банкiнiң» басқарма төрағасы Михаил Ломтадзе.
Е. ҚҰМАР.