ИСЛАМ ӘЛЕМIНIҢ IРI ТҰЛҒАСЫ

Өткен дүйсенбiде Алматының Абай атындағы академиялық опера және балет театрында Қазақстанның Бас мүфтиi, көрнектi шығыстанушы ғалым Әбсәттар Дербiсәлiнiң 60 жасқа толуына орай салтанатты жиын болды. Жиында республикаға белгiлi зиялы қауым өкiлдерi, қоғам және мемлекет қайраткерлерi мерейтой иесiн құттықтай отырып, оның қилы-қилы өмiр жолын, шығыстану және түркiтанудағы ғылыми еңбектерiн жоғары бағалады келiп.

Үстiмiздегi жылдың маусым айында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де мүфти-хазiреттiң шығармашылығына арналған ғылыми-практикалық конференцияда да оның құнды туындыларына ғалымдар жан-жақты тоқталып, ұлттық ғылымға қосқан зор үлесiнiң маңызын барынша ашып берген едi.

Мерейтойға алыс–жақын шетелдерден келген дiни қайраткерлердiң сөйлеген сөздерi де жұрт көкейiнен шықты. Әсiресе Ресейдiң, Сингапурдың, Татарстанның, Әзербайжанның, Қырғызстанның, Өзбекстанның бас мүфтилерi жүрек жарды пiкiрлерiмен Әбсәттар Дербiсәлiнi дiн мұсылман әлемiнде iрi тұлға екенiн көпшiлiкке паш еттi. Бұл иiсi қазақтар үшiн үлкен қуаныш.

Ұқсас жаңалықтар

Back to top button