ҚАЗАҚСТАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫ – НЕАПОЛЬДА

ҚАЗАҚСТАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫ – НЕАПОЛЬДА

ҚАЗАҚСТАН ДЕЛЕГАЦИЯСЫ – НЕАПОЛЬДА
ашық дереккөзі
254

2007 жылғы 21-24 қазанда Парламент Сенатының Төрағасы – Әлем және дәстүрлi дiндер лидерлерi Съезi Хатшылығының Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бастаған Қазақстан Республикасының делегациясы Италия мен Ватиканда жұмыс бабындағы сапарда болады. Сапар барысында құрамында Сенат депутаттары, Әдiлет министрлiгi Дiн iстерi жөнiндегi комитетiнiң, сыртқы iстер мекемесiнiң, Қазақстанның негiзгi дiни конфессияларының өкiлдерi бар қазақстандық делегация Неаполь қаласында болатын жыл сайынғы бейбiтшiлiк жолындағы Дiнаралық кездесуге қатысты.

1968 жылы Римде құрылған, әлемнiң 70-тен астам елдерiнде iзiн қуушылары бар Киелi Эджидия Қауымдастығы жыл сайын бүкiл Жердегi дiни қозғалыстардың өкiлдерi қатысатын дiнаралық кездесулер өткiзедi. Бұл халықаралық ұйымның негiзгi қағидаларының бiрi – ғаламшардағы дiндер арасындағы өзара түсiнiстiк жолын орнықтыратын бейбiт үн қатысу болып табылады.

Дiни бiрлестiктер мен мемлекеттiң қарым-қатынастары бiздiң елiмiзде ар-ождан мен дiни сенiм еркiндiгiне, заң алдында барлық конфессиялардың теңдiгiне, олардың қызметiне мемлекеттiң араласпау қағидаларына негiзделген. Мұндай қадамдар жалпы ұлттық негiзгi мiндеттердi шешуге қолайлы жағдай туғызады.

Түрлi дiндер мен сенiмдер арасындағы халықаралық үнқатысуды қалыптастыру Қазақстанның маңызды миссиясы болып отыр.

Конфессияаралық үнқатысу Қазақстан жерiнде алғаш рет 2003 жылы, Әлем және дәстүрлi дiндер лидерлерiнiң Бiрiншi Съезi болған кезде жүзеге асты. Мемлекет басшысының бастамасы бүкiл әлем қоғамдастығының назарын өзiне аударды. Астанадағы Бейбiтшiлiк пен келiсiм сарайында өткен Әлем және дәстүрлi дiндер лидерлерiнiң Екiншi Съезi де көрнектi әрi табысты болғанын атап өткен жөн.

Қазақстандық идея — Әлем және дәстүрлi дiн лидерлерiнiң Съезi мен бейбiтшiлiк жолындағы жыл сайынғы Дiнаралық кездесу өркениеттер арасындағы үнқатысудың күрделi жолындағы қажеттi әрi аса маңызды қадамдар болып табылады.

Форум аясындағы арнайы секция жұмысында Қ.Тоқаев «Азия және Еуропа. Тоқайласу немесе ынтымақтастық. Қазақстан үлгiсi» тақырыбы бойынша сөз алды. Өз баяндамасында Қ.Тоқаев жер шарындағы келiсiм мен бейбiтшiлiктi сақтау iсiндегi Қазақстанның табыстары мен тәжiрибесi туралы жиынға қатысушыларды хабардар етедi.

Дiнаралық кездесу барысында Неаполь қаласындағы «Бүкiлхалықтық дауыс беру» алаңында Понтифик пен дiн қайраткерлерiнiң қатысуымен дiн жорасы (молебен) болды. Форумның жабылу салтанаты конфессиялар өкiлдерiнiң бейбiтшiлiк жолындағы арнайы Жолдауына қол қоюмен аяқталған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Римде өзiнiң италияндық әрiптесi Франко Марини мен Үкiмет басшысы Романо Продимен кездесетiн болады.

Ватиканда Сенат Төрағасы Римнiң XVI Папасы Бенекдиктпен, сондай-ақ Ватикан Мемлекеттiк хатшысы, кардинал Тарчизио Бертонемен және кардиналдар алқасының басшысы Анжело Соданомен кездесiп, кең пiкiрлестi.

Ж.Баққондыұлы

Серіктес жаңалықтары